І тоқсан бойынша тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысы » ОШ №8 п.Гранитогорск
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Меркенского района
Приемная
+7(72632) 2-60-20
Бухгалтерия
+7(72632) 2-60-20
Версия для
слабовидящих
» » І тоқсан бойынша тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысы
25
октябрь
2019

І тоқсан бойынша тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысы

№8 жалпы білім беретін мектебінің тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясы асханадағы бір мезгіл тамақтандыруды ұйымдастыру деңгейіне бақылау жүргізді.
Асхана санитарлық нормаға сай «Дұрыс тамақтану» бұрышы ұйымдастырылған. Биылғы оқу жылына арналған оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастыруға іс-шара жоспары жасалған. Осы оқу жылына арналған бұйрық шығарылып, бұйрық негізінде комиссия құрылған, жауапты адамдар бекітілген. Асхана жұмысының дұрыс ұйымдастырылуын, тамақтың сапасын тексеру үшін жұмысшы (брокераж) тобы құрылған.
 Бір мезгіл тегін ыстық тамақпен аз қамтамасыз етілген отбасы балаларының барлығы 44 оқушы қамтылған, барлығы  атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан. Сонымен қатар мектепте ата-аналар тарапынан ақылы ыстық тамақ та ұйымдастырылған.
 Ең негізгі құжаттардың бірі – мәзір. Мәзір – белгілі бір күні көрсетілген, сол күнгі тағамдар мен сусындар тізбесі. Мектепте перспективалық екі апталық мәзір жасалып, бекітілген. Брокераждық жұмысты жүргізу мектеп медбикесінің жауапкершілігіне жүктелген. Аспазшының денсаулығын тексеріп, шикізат пен дайын тағамдардың жағдайына күнделікті бақылау жүргізеді.
 Асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай. Ыдыстармен қамтылуы және ыдыс жуатын бөлменің жай-күйі қанағаттанарлық деңгейде. Көкөніске, дайын өнімдерге, шикізаттарға арналған стеллаждар жасалынған. Шағымдар мен ұсыныс кітабы жүргізіледі.
Жеткізілген тамақ өнімдерінің сапасы қанағаттанарлық, тоңазытқыш-технологиялық жабдықтары жарамды және ауа температурасы +4С көрсетіп тұр, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері өтпеген.
 Қорыта келе, оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстарында, мемлекеттік қызмет көрсету стандартының талаптарын орындауда айтарлықтай кемшіліктер анықталған жоқ. Тек қана, ыдыс аяқтардағы, техникалық құрылғылардағы инвентарлық нөмірлердің бояуы кеткендігіне байланысты қайта жазу қажет.
 Балалардың дұрыс тамақтануы олардың денсаулығын нығайтып, дене дамуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар мидың дамуына, ойлау қабілетінің жақсаруына және жүйке жүйесіне жақсы ықпал етеді. Яғни баланың сабақ үлгерімі жақсы болуына дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Егер бала құнарлы тамақтанбаса, ағзада метаболизм, зат алмасу бұзылып, әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді. Сондықтан да балаларға тамақтануды дұрыс әрі сапалы ұйымдастыру біздің міндетіміз.