"Жылдам кітап оқу құпиясы"
2025 жылдың наурыздың 13-ші жұлдызында №8 жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып мұғалімдері және кітапханашы Керимкулова А.К ұйымдастыруымен «Жылдам кітап оқу құпиясы» тақырыбында 2-4 сынып оқушылары арасында минутқа оқу жарысы өтті. Жарыстың басты мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу дағдыларын дамыту және мәнерлеп, жылдам оқуға бейімдеу. Іс-шара барысында қатысушылар белгілі бір уақыт ішінде мәтінді дұрыс әрі шапшаң оқып шығуға тырысты.