Отбасымен бірге оқу. Вертуальды кітап оқу
Мақсаты: Оқушыларды ізденіп көркем шығарма оқуға күштеп емес, өз қалаулары бойынша қызыға оқуын ұйымдастыу.
«Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» — деген еді Ғабит Мүсірепов.
Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да қымбат», — деп атап көрсеткен Шекспир.
№ 8 ЖББОМ кітапханасында «Отбасымен бірге кітап оқу» акциясы өткізілді., Акцияға оқушылар мен атв-аналар белсене ат салысты. Акция мақсаты отбасында баланы кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, кітап оқу арқылы тәрбиеге баулу.



