12
апрель
2021
«Ғарышқа ұшқан үш қазақ» Көрме
Ғарышқа 60 жыл толуына орай № 8 ЖББОМ кітапханасында «Ғарышқа ұшқан үш қазақ» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
Мақсаты: Ғарыш әлемі жайлы және 12 сәуір – ғарышкерлер күні екенін түсіндіру, ғарышқа 60 жыл екенін атап өту. Тұңғыш ғарышкерлермен және Қазақстан ғарышкерлерімен таныстыру. Адамзаттың ортақ үйі – Жер планетасына, ғарыш әлеміне сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Оқушыларды қазақтың қос ғарышкерімен таныстыру, өмірбаянына шолу жасау, мәлімет беру. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, әрі ұшқыш, ғарышкер болуына оқушылар қиялын тәрбиелеу, шыдамдылыққа, тәртіптілікке үйрету.

