"Бала қауіпсіздігі - басты назарда"
№8 ЖОББМ-де 2025 жылдың Білім күні қарсаны барысында және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жүргізілген рейд бойынша
АНЫҚТАМА
Мақсаты: Оқушылардың сабақ уақытысында және түнгі мезгілде көшеде бей-берекет жүруін қадағалап, құқық бұзушылық іс-әрекеттерді болдырмау мақсатында ата-аналар қауымдастығы және Меркі АПБКҚҚт аға инспекторы Е.Давлетбаев пен Меркі АПБ ЖПҚб УПИ көмекшісі Н Шарипкулов бірлескен іс-шара өткізілді.
Оқушыларды жалпыға бірдей оқумен қамту барысында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында күндізгі және түнгі рейдтерге жауапты мұғалімдер өз жұмыстарын жүргізді.
Күндізгі рейд барысында сабақ уақытысында ата-анасының қарауынсыз жүрген оқушы анықталған жоқ.
Түнгі рейд кезінде кешкі сағат 19.00-ден 23-00 дейін директордың құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасары Б.Б.Мамбеталиев пен пән мұғалімдерімен бірлесе жүргізген рейді кезінде қараусыз қадағалаусыз қалған, мектепте тіркелмеген балаларды анықтау, және оларды мектепке қайтару мақсатында рейд өткізу барысында түнгі, күндізгі уақыттарда,көшелерде,орталық базарда, кафелерде жұмыс жасап жүрген балалар анықталған жоқ.



