Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу » ОШ №8 п.Гранитогорск
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Меркенского района
Приемная
+7(72632) 2-60-20
Бухгалтерия
+7(72632) 2-60-20
Версия для
слабовидящих
» » Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу
30
сентябрь
2024

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу

№8 ЖОББМ  2024 жылдың қырқүйек  айында жүргізілген

 рейдтердің қорытындысы бойынша


АНЫҚТАМА


         Мақсаты: Оқушылардың сабақ уақытысында және түнгі мезгілде көшеде бей-берекет жүруін қадағалап, құқық бұзушылық іс-әрекеттерді болдырмау мақсатында ата-аналар қауымдастығы мен АІІБ-ЮПТ-ң қызметкері Е.Оспанбековпен  бірлескен іс-шара өткізілді.

   Оқушыларды жалпыға бірдей оқумен қамту барысында  қырқүйек  айында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында  күндізгі және түнгі рейдтерге жауапты мұғалімдер өз жұмыстарын жүргізді. 

    Меркі ауданының білім бөлімі Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасының 2024 жылғы 17 қырқүйектегі №03-4423 хаты және Жамбылская область полиция департаментінің 12.09.2024 жылы №1-5/1-4-34/5219-И хатына сәйкес кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша 2024 жылдың 17-19 қырқүйек аралығында «Жасөспірім» жедел – профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

   Күндізгі рейд  барысында сабақ уақытысында  ата-анасының қарауынсыз жүрген оқушы анықталған жоқ.

    Түнгі рейд кезінде  кешкі сағат 19.00-ден 23-00 дейін  директордың құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасары  Б.Б.Мамбеталиев,  мектеп инспекторы  Е.Оспанбеков және дене шынықтыру пән мұғалімдерімен бірлесе жүргізген рейді кезінде   қараусыз қадағалаусыз қалған, мектепке бармай жүрген, сабаққа қатыспай жүрген, мектепте тіркелмеген балаларды анықтау, және оларды мектепке қайтару мақсатында  рейд өткізу барысында түнгі, күндізгі уақыттарда,көшелерде,орталық базарда, кафелерде жұмыс жасап жүрген балалар анықталған жоқ.


.


ҰСЫНЫС:


1.Алдағы уақытта да, «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» бойынша  Профилактикалық жұмыстар жандандырылсын.

2.Балалары екі рет ұсталынған ата-аналарды әкімшілік жауапкершілікке тартып, айыппұл салынатыны ескертілсін.



Мектеп директоры:                                                  С.К.Рахаев