III-тоқсанында мектеп асханасында білім алушылардың тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысының қорытындысы » ОШ №8 п.Гранитогорск
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-60-20
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-60-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » III-тоқсанында мектеп асханасында білім алушылардың тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысының қорытындысы
30
март
2022

III-тоқсанында мектеп асханасында білім алушылардың тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысының қорытындысы

2022 жылдың наурыз айының 18 күні мектепшілік бақылаудың №60 бұйрығына сәйкес  1-11 сыныптар арасында тамақтандыру сапасына мониторинг жургізілді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығының 2-қосымшасымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасы негізінде мектептің педагогикалық кеңесінің 05.01.2022 жылғы отырыс шешіміне сәйкес тізіммен бекітілген 31 білім алушы мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақпен тамақтанып, түрлі себептермен сабаққа келмеген балалар күнделікті директор бұйрығымен «Д» санатында есепте тұрған және көпбалалы отбасынан шыққан резервте тұрған балалармен алмастырылып отырылды.
 

17.01.2022 жылғы тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрамы бекітіліп,.комиссия құрамы апта сайын асхананың санитарлық жағдайын, тамақтану кезінде білім алушылардың санитарлық-гигиеналық тазалық талаптарын сақтауын, ас мәзірінің дұрыс әзірленуін, сақталуын, ас әзірлейтін азық-түлік пен дайындалған астың сапасын, аспазшылардың денсаулығын, тазалығын тексеріп, анықтап, қорытындысын комиссия хатшысы тексеру журналына жазып отырады.Сәуір айында да аталған 31 бала мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақпен қамтылатын болады. Алайда Андас Батыр ауылдық округының мамандары тарапынан округ тұрғындары арасынан 2022 жылдың жаңа II-ші тоқсанына атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақысын тағайындау үшін құжаттар қабылдау жұмысы 10-шы сәуірден басталуына байланысты балалар саны өзгеруі мүмкін.
        Мектептің тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрамы әр аптаның соңында мектеп асханасына тексерулер жүргізіп отырады, тексеру нәтижелері бойынша тиісті актілер тіркеліп, бракераж журналына тіркеліп отырылады.Тексеріс барысында анықталған кемшіліктер мүмкіншілікке сәйкес жойылуда, атап айтсақ, наурыз айында асхананың терезелеріне санитарлық талапқа сәйкес арнайы торлар орнатылды.
 Сондай-ақ жауапты мамандар тарапынан мектептің интернет ресурсының «Мектептік тамақтандыру» сайтына үздіксіз материалдар салынып отыр.
 Білім алушыларды мектеп асханасында тамақтандыру жұмысы алдағы уақытта да мектеп әкімшілігі және қамқоршылар кеңесі тарапынан қадағаланатын болады.
 
 
 Ұсыныс: 1. Бекітілген кезекшілер мен сынып жетекшілері тарапынан білім алушылардың
 мектеп асханасында тегін тамақпен қамтылуы оқу жылы бойы үздіксіз
 қадағаланылып, тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия (бракераж) комиссиясының
 жұмысы жандандырылсын.
 2. Мектептің  интернет ресурсының «Мектептік тамақтандыру» айдарында
 үздіксіз мониторинг жүргізіліп отырылсын.