08
ноябрь
2021
I-тоқсан бойынша тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысының қорытындысы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 және 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығының негізінде білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша №8 жалпы орта білім беретін мектебіндегі жекелеген санаттағы жалпы 230 білім алушы оның ішінде 14 аз қамтылған отбасыдан 29 білім алушы мен 31 көп балалы отбасынан шыққан 91 білім алушы мектептегі тегін тамақмен қамтылған, ата – ана есебінен 230 білім алушы тамақтануда.
Мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру жоспарына сай 2021 жылдың қазан айының 22 күні мектеп асханасындағы 1-11 сынып білім алушылары және оның ішінде жекеленген санаттағы 29 білім алушы мен олардың ата – аналарынан мектеп асханасындағы тамақтың сапасын анықтау мақсатында сауалнамалар алынды. Мектебінде 5-8 сыныптар арасында әлеуметтік педагогтың ұйымдастыруымен «Мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру» туралы әлеуметтік сауалнама жүргізілді.
Мектеп асханасының кемшіліктерін анықтау
Сауалнамада барлығы 10 сұрақ.
Сауалнамаға барлығы 122 оқушы қатысты. Оқушылар өз ойларын нақты көрсете алды.
Қорытынды: Сауалнама нәтижесі жақсы шықты, балалар мектеп асханасы туралы жақсы пікірлер айтты, күн сайын барады. . Өз ойларын еркін жеткізіп, кейбірі жауаптарын толықтырып та жатты.
Қыркүйек айының 29-шы жұлдызында жеке кәсіпкер Т.Қарабаев мектеп асханасына 2021 жылдың қазан айының 21 (жиырма бір) күніне балалар тамақтануы үшін азық-түлік тауарларын жеткізді.Тауарлар арасында сақталу мерзімі қысқа (ет, картоп,сәбіз, балық паштеті, алма, сүт өнімдері және т.б.) және ұзақ (күріш, макарон, томат, печенье, кептірілген алма өнімі және т.б.) азық-түлік өнімдері жеткізілді. Аталған сақталу мерзімі қысқа азық-түлік өнімдері бірден тоңазытқыш пен арнайы салқындатқыш режимі бар жабдықтарға салынды.Жеткізілген азық-түлік тауарларының сапасы мен сақталу мерзімі мектептің тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераж) комиссияның құрамымен тексеріліп, комиссия құрамы мектеп асханасында азық-түліктерді уақытылы пайдалану , олардың сақталу мерзімі, перстпективалық мәзірдің және күн сайынғы мәзірдің дайындалған астардың сәйкестігін тексерді. Оқушылардың қол жуатын орындары, астарды тоңазытқыштарда, қоймаларда, сақтау, ас әзірлейтін блоктың санитарлық жай-күйі , келіп түскен тамақ өнімдерінің сапасын, дайын тағамның сапасын бақылау мақсатында кезекті тексеру жүргізді. Тексеру нəтижесі бойынша мектеп аспазшысына ұсыныстар беріліп акт толтырылды..
Асхананың, аспазшылардың тазалығы үздіксіз комиссия құрамымен әр аптаның соңында тексеріліп, тексеру нәтижелері тексеру журналы тіркеліп, мониторинг жүргізіліп отырылады.Сонымен қатар жауапты мамандар тарапынан түрлі себептермен сабаққа келмеген балаларды «Д» санаттағы есепте тұрған немесе көпбалалы отбасынан шыққан балалармен алмастыру жұмысы күнделікті жүргізіліп, жұмыс барысы мектеп әкімшілігі тарапынан үздіксіз қадағаланып отырылады.
Ұсыныс:
1. Мектеп асханасындағы тамақтың сапасын қадағалау мақсатындағы атқарылатын жұмыстар бағыты жоспарға сай жүйелі түрде жүргізілсін.
2. Мектеп асханасындағы білім алушылардың тамақтануы тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераж) комиссия тарапынан оқу жылы бойы үздіксіз қадағалансын.