II -тоқсан бойынша тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысының қорытындысы » ОШ №8 п.Гранитогорск
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-60-20
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-60-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » II -тоқсан бойынша тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысының қорытындысы
27
декабрь
2021

II -тоқсан бойынша тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысының қорытындысы

№8 жалпы орта білім беретін мектебі бойынша мектебімізде ыстық тамақпен қамту мақсатында жұмыстар жүргізіліп келеді.    Бракераждық комиссия мүшелері ата-аналар қоғамы мен мектеп әкімшілігі,қамқоршылық кеңесі мүшесі тексеріс жүргізді. Мониторинг комиссиясы, бракераж комиссиясы тоқсанына 1 рет рейд жүргізіп акттар жасақталады. Комиссия мүшелері дайын және шикі өнімнің сапасын бақылау үшін мониторинг жүргізді.Асханада санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталуын тексерді. Зерделеу барысында тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі сертификаттарымен салыстырылып қаралды.Тағамдардың дайындалу технологиясы,тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығы,қоймадағы азық-түліктің сақталуы қаралды. Қолданылатын ыдыс аяқтар талаптарға сәйкес,жарылған сынған ыдыстар болмады.Асханадағы ас үлесі мәзірге сәйкес.Асхананың кіре берісінде тері антисептигі қойылған.Қол жууға арналған раквиналар бар,барлығынан да жылы,салқын су жүріп тұр,қол кептіргіш құралы да бар,жұмыс жасап тұр.Асхана тазалығы талапқа сай.Алға қарай да жүйелі жұмыстар өз уақытында жүргізіледі,комиссия мүшелері өз жұмыстарын жалғастырады.

 Асханадағы оқушылардың тамақтану ережелерінің және уақытылы тамақтануларының қатаң сақталуын жауапкершілікпен қадағалау мақсатында сынып жетекшілері мен мұғалімдердің кезекшілік кестесі құрылып, бекітілді. Кезекшілер білім алушыларды уақытында тамаққа баруын қадағалап отырады. Бастауыш сынып білім алушылармен «Ас –адамның арқауы» , «Здоровое питание», «Витаминная кладовая» тақырыптарында сынып сағаттары өтілді. Сынып сағатының мақсаты: ас туралы жалпы ұғым. Астың құрамы мен ойын үстінде таныстыру. Оқушыларға астың бізге пайдасы туралы түсіндіру. Асты қадірлеп, қастерлеуге үйрету. Денсаулықтың негізі – дұрыс тамақтану екенін пайдасы» тақырыбында түсінік жұмыстарын жүргізді.