ІІ тоқсан бойынша тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысының қорытындысы » ОШ №8 п.Гранитогорск
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-60-20
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-60-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ІІ тоқсан бойынша тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысының қорытындысы
26
декабрь
2019

ІІ тоқсан бойынша тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысының қорытындысы

Желтоқсан айының  мектепішілік    бұйрығына   сәйкес мектеп  оқушыларының  ыстық   тамақпен  қамтылуы; тамақтандырудың  сапасына   мониторинг  жүргізу жұмыстары  қаралды.
Комиссия  мүшелері:
  1. Мектеп директоры Сансызбаев Г.К.
  2. ДОІЖО – Разақпаева Г.С.
  3. Әлеуметтік педагог – Байбутаева Р.К.
  4. Ата-аналар  комитетінің төрағасы – Альжанов С.Т.
  5. Мектеп медбикесі – Агадилова Ж.
     Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу барысында жеткізілген тамақ өнімдерінің сапалылығын, тағамдарды дайындау технологиясына тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығын, дайын тағамдардың сақтау мерзімдеріне мониторинг жүргізілді. 
    Тексеру барысында   мектеп  асханасының  тазалығына   қойылатын  санитарлық-эпидемиологиялық   талаптар мен  тағамның  ас   мәзіріне  сай  әзірленетіндігі тексерілді.  Тексеріс   барысында  тамақ  өнімдерін   және  азық-түлік шикізатын  қабылдау.   Санитарлық  қағидалардың  9   қосымшасының  1 нысанына   сәйкес    және   тез   бұзылатын    тамақ   өнімдерін   мектеп   медбикесі  Агадилова Ж.   брокераж    журналына   енгізіп   отырған.    Асханада   әзірленетін   тамақ    өнімдерінің   сапасы   мен  қауіпсіздігін  растайтын  құжаттар   бар. 
      Мектеп    оқушыларын  тамақтандыру  барысында   сусындарды  эмальды  ыдыста   әзірлеп  әр  оқушының   бокалдарына  құйып таратылып  отыратындығы   расталды.  Мектеп медбикесі  осы санитарлық  қағидалардың   9 қосымшасының  2 нысанына   сәйкес    тегін ыстық тамақпен  қамтылған оқушыларға берілген  витаминдерді  витаминдеу журналына   енгізіп  отырған  және  С витаминінің   тәуліктік  нормасы 1 балаға 70 мөлшерінде  жүзеге   асырылып   отырғаны    анықталды.   Тексеру  барысында   асханадағы  тамақ  өнімдерінің   жарамдылығы  белгіленген  мерзімдеріне   сәйкес.  Асханада пайдалануға   тыйым   салынатын  ас-тағамдары,   қуырылған,    бәліштерді   әзірлегені   үшін    аспазшы   Ж.Кебекбаеваға   комиссия    құрамы   тарапынан  ескерту   жасалды.  Тез  бұзылатын   тамақ  өнімдері  тоңазытқышта   сақталған.  Күн  сайын   аспазшы  Ж.Кебекбаева дайын  тағамның   тәуліктік  сынамасын  қалдырып   отырады,  сынамалар  қақпағы   бар  таза  шыны   ыдысқа  және  тоңазытқышта   +2 С, тан + 6С   дейінгі   температурада    сақталған.                     Мектепте   44   оқушы  тегін  ыстық   тамақпен  қамтылған  оқушылардың   тамақтануы  кестеге сай қадағаланып  отырады.
Мектеп   асханасының  іші таза, жарық,   жылы    санитарлық   талаптарға   сай.    Мектеп   оқушыларының   ыстық    тамақпен  қамтамасыз  ету   бойынша  арнайы  бекітілген   комиссия  мүшелері    мен   мектеп  медбикесі  бірлесе   отырып  үнемі  қадағалайды.
ҰСЫНЫС:
  1. Тамақтандырудың  сапасына   мониторинг жүргізілуін  үнемі  бақылауда   болсын.