16
ноябрь
2021
"Үйлесімді тамақтану - денсаулықтың кепілі"
Білім алушылардың жақсы денсаулығының,жан-жақты дамуының кепілдігі -тиімді тамақтану және үйлесімді тамақтану болып саналатынын ұғындыру. Тазалық гигиенасы туралы ережелерді қайталау мақсатында 3 "А" сынып жетекшісі Алдибаева Г.К білім алушылармен "Үйлесімді тамақтану-денсаулық кепілі" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты -дұрыс тамақтану екендігін түсіндіріп өтті. Сонымен қатар дұрыс тамақтану ережелерімен, тамақтанудың негізгі шарттарымен таныстырды. Білім алушылар дұрыс әрі тиімді тамақтану жөнінде құнды кеңестермен бөлісті.






