30
март
2023
Шынықсаң шымыр боларсың "Қазақ", "Еркін", "Грек-рим" күрестерінің бірлескен дайындығы!
Қазақстанда күрестің қазақша күрес, грек-рим күресі және еркін күрес, дзю-до және самбо сияқты жекпе-жек түрлері кең дамыған.
Қазақ күресі – Қазақстанның ұлттық спорт түрі. Оның тәсілдері сан алуан. Жекпе-жек барысында бір қолмен белдіктен немесе күрте жағасынан, жеңінен ұстап шалу, үйіріп, сүріндіре, жұлқу, тізеден қағу, іліп немесе кеудеден асыра лақтыру, т.б. көптеген тәсілдер қолданылды.
Грек-рим күресі.Грек-рим күресі, классикалық күрес – қол және тұтас дене қозғалысына негізделген тәсілдерді пайдаланатын спорттық күрес түрі. Бұл күресте қарсыласын белден төмен ұстауға, аяқтан шалуға, т.б. болмайды. Грек-рим күресінің мақсаты – қарсыласының жауырынын жерге тигізу немесе күрес тәсілдерін шебер қолдана отырып, ұпай санымен жеңу.

- 1928 жылы қазақша күрестің бірыңғай ережесі қабылданып, ол 1938 жылы республикалық спорттық жарыстың бағдарламасына енгізілді.
- Қазақша күрес балуандары халықаралық аренада тұңғыш рет 1952 ж. Ашхабад қаласында сынға түсті. Қазақша күрестің салмақ дәрежелері де, ережесі де жиі өзгерістерге ұшырады. Кей жылдары үш, төрт, бес, сегіз, он салмақ дәрежелері бойынша жарыстар өтіп жүрді.
- 1998 жылдан еліміздің балуандары үш салмақ дәрежесі бойынша күш сынасады. 60 кг-ға дейінгі балуандар – кіші балуан, 74 кг-ға дейінгілер – орта балуан, 74 кг-нан жоғарылар – бас балуан деп аталады.
Грек-рим күресі.Грек-рим күресі, классикалық күрес – қол және тұтас дене қозғалысына негізделген тәсілдерді пайдаланатын спорттық күрес түрі. Бұл күресте қарсыласын белден төмен ұстауға, аяқтан шалуға, т.б. болмайды. Грек-рим күресінің мақсаты – қарсыласының жауырынын жерге тигізу немесе күрес тәсілдерін шебер қолдана отырып, ұпай санымен жеңу.
- Грек-рим күресі 1896 жылғы 1-Олимпиялық ойындардың бағдарламасына енді.
- 1904 жылдан дүниежүзілік чемпионаттар өткізіліп келеді.
- 20-ғасырдың 60-жылдарының аяғынан бастап күрестің бұл түрі Қазақстанда жедел дами түсті. Қазақ халқынан шыққан Қажымұқан Мұңайтпасов, Шәміл Серіков, Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Бақтияр Байсейітов, Нұрбақыт Теңізбаев, Әсет Мәмбетов сияқты Дүниежүзілік олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлерінің есімдері көпшілікке белгілі.
- Еркін күрес 19-ғасырдың аяғында Англияда пайда болған.
- 1904 жылдан олимпиялық ойындар бағдарламасына енген.
- 1951 жылдан дүниежүзілік, 1928 жылдан Еуропа чемпионаттары өткізіледі.
- Қазақстанда еркін күрес жарыстары 1955 жылдан өткізіліп келеді. Қабден Байдосов, Әбілсейіт Айқанов, Амангелді Ғабсаттаров, Аманжол Бұғыбаев, Сейітжан Әбдікәрімов, Алмас Мұсабеков, т.б. халықаралық аренада халқымызды әлемге танытты. Мәулен Мамыров Атлантада (АҚШ) өткен Олимпиялық ойындарда (1996) және дүниежүзілік чемпионатта (1998) қола жүлдені еншіледі