«Сөздің ең ұлысы-тарих» библиографиялық шолу » ОШ №8 п.Гранитогорск
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Меркенского района
Приемная
+7(72632) 2-60-20
Бухгалтерия
+7(72632) 2-60-20
Версия для
слабовидящих
» » » «Сөздің ең ұлысы-тарих» библиографиялық шолу
21
февраль
2023

«Сөздің ең ұлысы-тарих» библиографиялық шолу

«Бір ел-бір кітап» республикалық акция аясында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларын насихаттау «Сөздің ең ұлысы-тарих» тақырыбында 5-6 сынып оқушыларымен  библиографиялық шолу жасалды.

Мақсаты - ұлы қайраткердің еңбектерін жан-жақты насихаттау мен оқырмандарды А. Байтұрсынұлының әдеби мұрасымен таныстыру. Кітап көрмесінде ұсынылған материалдар: энциклопедиялар, өмірбаяндық анықтамалықтар, көркем әдебиет және ағартушы туралы әдебиеттер мен мерзімді басылымдар.

Ахмет Байтұрсынұлы - ХХ ғасырдың басындағы зиялы қауым өкілдерінің бірі. Ол өзінің барлық білімін, күш-жігерін және өмірін Қазақстанның тәуелсіздігі үшін, туған халқының рухани жаңаруы үшін күреске арнады. Қазақ зиялыларының басқа да көрнекті өкілдерімен қатар ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы жаппай қуғын-сүргіннің құрбаны болды.

Халқымыздың біртуар перзенті, ұлт – азаттық қозғалыстың көсемі - Ахмет Байтұрсынұлы (1872–1937ж.) қазіргі Қостанай облысы, Сарытүбек  деген жерде дүниеге келген.