«Ы.Алтынсарин-180 ж» Әдеби кеш » ОШ №8 п.Гранитогорск
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Меркенского района
Приемная
+7(72632) 2-60-20
Бухгалтерия
+7(72632) 2-60-20
Версия для
слабовидящих
» » » «Ы.Алтынсарин-180 ж» Әдеби кеш
16
март
2021

«Ы.Алтынсарин-180 ж» Әдеби кеш

Мақсаты: Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірбаянымен, әдеби, педагогикалық шығармашылығымен таныстыру. Оқушылардың жазушы, ұстаз туралы түсініктерін кеңейту.

№ 8 ЖББОМ  мектеп кітапханасында  кітапханашы Керимкулова Х.Д.  «Ыбырай Алтынсариннің -180 ж» орай көрме ұйымдастырылды және 5-11сынып оқушыларымен өмірбаяны мен өлеңдері  оқылды.  Ы.Алтынсариннің өлеңдері мен өмірбаянына толығынан тоқталып, көптеген мәліметтер   алынды.

Ақынның өлендерінің қандай мақсатта дүниеге келуіне жеке тоқталып өтті.

Ыбырай "Қазақ хрестоматиясына" кірген өлеңдерінде де халық ағарту идеясын көтерді. Оның "Кел, балалар, оқылық!", "Өнер-білім бар жұрттар" өлеңдері осындай мақсатта туған.

"Кел, балалар, оқылық!" өлеңі жастарды оқуға, білім алуға шақырады:


Оқысаңдар, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!