Әскери оқу орындарына қабылдау жүруде. » ОШ №8 п.Гранитогорск
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Меркенского района
Приемная
+7(72632) 2-60-20
Бухгалтерия
+7(72632) 2-60-20
Версия для
слабовидящих
» » Әскери оқу орындарына қабылдау жүруде.
06
февраль
2023

Әскери оқу орындарына қабылдау жүруде.

     2023 жылы 6 ақпан күні М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің акт залында ауданымыздың 10-11 сынып оқушыларының арасында Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің Шоқан Уалиханов атындағы Әскери колледжі өкілдері
үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
     Аталған іс-шараға мектебіміздің АӘ және ТД пәнінің мұғалімі А. Тортаевтың үйымдастыруымен 10 "а" сыныбының ер балдары қатыстырылды. Кездесу барысында оқу орнының жалпы әскери пәндер цикылының 2 сынып сержанты Сәрсенбаев Н.А. және қару-жарақ цикылының сержанты Мырзабаев Ш.Г. оқушыларды оқу орнына түсу тәртібімен таныстырып, бейне фильм көрсетілді. Қатысушылар туындаған сұрақтар қойып, оларға тиісті жауаптар алды. Кездесу соңында, аталған оқу орнына түсуге ниет білдірген оқушылар қосымша ақпарат алып, тізімге жазылды. Жиынға қатысқан оқушылар, әскери қызметтің қыр сырымен танысып, әскери қызметке деген қызығушылық танытты деп сенеміз.