"Менің мақтанышым-менің мамандығым"
30.09.2022жылы №8 жалпы орта білім беретін мектебінде "Ұстаздарға мың алғыс"атты Ұстаздар күніне орай "Менің мақтанышым-менің мамандығым"тақырыбында ардагер ұстаздармен кездесу өткізілді.Іс шараға ардагер ұстаздар Козина В.В, Батаева Н.А., Бондарева Н.Т.,Куришбаев Б.Б,Искаков М.Р. ,Пугачева С.А. 9 -11сынып білім алушылары қатысты. Іс шараны директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Разақпаева Гүлвира Серіққызы құттықтау сөзімен ашты .Мектептің дарынды өнерпаз оқушылары ән айтып,өнер көрсетті.Іс шарада ардагер ұстаздар өмір жолындағы өткен дара жолдарын естеріне алып сыр шертті.Соның бірі Искаков Мұрат Раисович өз сөзінде "Бала жүрегі -кішкентай кдомсандық .Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады.Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек"-деп М Шаханов ағамыз айтқандай ,әр баланың жүрегіне жол табу ,баланың бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті "деп аяқтады.
9-11сынып білім алушылары ұстаздарға әртүрлі сұрақтар қойып,өздеріне көптеген мағлұматтар алды.Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі .Әрбір адам өзін- өзі дамыта алу үшін білім алып,сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек.