09
апрель
2025
"Мектепке апарар қауіпсіз жол"
"Мектепке апарар қауіпсіз жол" жобасы аясында оқушылардың мектепке барар жолындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылғы 8 сәуір күні мектеп маңындағы қауіпті аймақтарды анықтау бойынша тексеріс жұмыстары жүргізілді.
Тексеріс жұмыстарына мектеп инспекторы А.Манызқызы қатысты. Қауіпті саналатын жол учаскелері қайта қаралып, олардағы жағдай зерделенді. Тексеру нәтижесінде бірқатар учаскелерге "Қауіпті аймақ" ескерту белгілерін орнату және жаңарту қажеттілігі анықталды.
Аталған іс-шаралар шеңберінде ескі "Қауіпті аймақ" тақтайшалары жаңартылып, тиісті орындарға жаңалары орнатылды. Бұл жұмыстар оқушылардың қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жүзеге асырылды.
