"Нашақорлық және мінез-құлық ауруларының алдын алу " » ОШ №8 п.Гранитогорск
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Меркенского района
Приемная
+7(72632) 2-60-20
Бухгалтерия
+7(72632) 2-60-20
Версия для
слабовидящих
» » "Нашақорлық және мінез-құлық ауруларының алдын алу "
08
апрель
2025

"Нашақорлық және мінез-құлық ауруларының алдын алу "

      Меркі аудандық білім бөлімінің 07.04.2025 жылғы №558  хатын негізге ала отырып,  ағымдағы  жылдың  07.04.2025   сәуір күні мектеп директоры С.К.Рахаев,ДҚТЖО Б.Б.Мамбеталиев және дене шынықтыру пән мұғалімдері  оқушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған нашақорлық және мінез-құлық ауруларының алдын алу көктемгі айлығын сәуір айының 1-30 аралығында өткізу туралы № 57 бұйрығы шығарылды. Шығарылған  бұйрық аясында  айлық жоспары құрылып , бекітілді. 

   Айлықтың мақсаты: оқушыларды зиянды  әдеттерден бойларын аулақ ұстауға және еліміздің  дені сау шыныққан  азаматтары болып өсуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын насихаттау.

Есірткі заттарының,нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері,келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру мақсатында 2025 жылдың  сәуір айының 7 күні №8 жалпы орта білім беретін мектебінде 1-30 сәуір аралығында өтетін «Нашақорлық және мінез-құлық ауруларының алдын алу» айлығының ашылуы өткізілді. Іс-шара барысында білім алушыларға   зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға, әлем дерті нашақорлық ауруынан сақтануға, есірткі, ішімдік және темекенің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіріліп, өмірлеріне қауіп тудыратының ескертілді.