«Қайырымдылық керуені» атты акциясының өткізілуі туралы мәлімет
Коммунальное государственное учреждение» жоспарына сәйкес 2022 жылдың ақпан айында №8 жалпы орта білім беретін мектебінде аз қамтылған көп балалы отбасынан шыққан білім алушыларға қолдау көрсету мақсатында біріңғай «Қайырымдылық керуені» атты акция ұйымдастырылды. «Қайырымдылық керуені» атты акциясына байланысты мектеп басшысы тарапынан бұйрық шығарылып, сол бұйрыққа сай жоспар құрылып, мектеп мөрімен және мектеп директоры қолымен бекітілді.
Жоспарға сай мектепте акцияны насихаттау, үгіт ақпараттық қабырға стенд шығарылды.
Мектебімізде әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларыдың 4 (төрт) білім алушыға сонымен қатар көпбалалы отбасынан шыққан отбасының 7 (алты) білім алушысы анықталып, осы аталған оқушылардың 10 (он) отбасының 11 (он бір) білім алушыға әлеуметтік көмек көрсетілді. Ауылдың ілкімді азаматтарын, жеке кәсіпкерлерді, меценаттарды осы акцияға қатыстырып, атсалысуға шақырылды. Мектебімізде «Қайырымдылық жәйшігі» мектеп мұғалімдері арасында ұйымдастырылды. Қайырымдылық жәйшігіне 20 000 (жиырма мың)теңге көлемінде қаражат жиналды. . Қайырымдылық жәйшігіне жайналған қаражатқа әлеуметтік жағдайы төмен 2 (екі) білім алушыға аяқ киім аперілді Акция барысында жалпы соммасы 40 000 (қырық мың) теңге көлемінде 10 (он) отбасыға көмек көрсетілді. Атап айтсақ, бюджеттен тыс қаражаттан 40 000 (қырық мың) теңге, аз қамтылған отбасы және де жайсыз отбасы балаларына оқушыға азық-түлік пен мектепке қажетті оқу- құрал жабдықтарымен қамтамасыз етілді. Акция барысында ауылдың жеке кәсіпкерлері арасында «Қайырымдылық этафетасы» ұйымдастырылды.Эстафетаға Мукашева А. демеушілік көрсетіліп 2(екі) білім алушыға 10000 (он мың) теңге көлемінде азық – түлік пен оқу-құралдарын аперді.
Акция барысында демеушілер белсенді қатысты. Демеушілік көрсеткен Мамбеталиев Н.Р 10000(он мың)теңге көлемінде 3 (үш) отбасыға азық-түлік пен оқу-құралдарын аперді. сонымен қатар Жеке кәсіпкер Назарбекова Ж.Н 10000 (он мың) теңге көлемінде 4 (төрт) отбасына азық-түлік материалдық көмек көрсетті.
«Қайырымдылық керуені» атты акциясы барысында жоспарланған іс-шаралар түгелдей өз деңгейінде орындалды.
Ұсыныс:
«Қайырымдылық керуені» атты акциясы барысында жоспарланған іс-шаралар түгелдей өз деңгейінде орындалсын.