«Құқықтық тәрбие беру – құқық бұзушылықтың алдын алу» » ОШ №8 п.Гранитогорск
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Меркенского района
Приемная
+7(72632) 2-60-20
Бухгалтерия
+7(72632) 2-60-20
Версия для
слабовидящих
» » «Құқықтық тәрбие беру – құқық бұзушылықтың алдын алу»
14
февраль
2025

«Құқықтық тәрбие беру – құқық бұзушылықтың алдын алу»

«Құқықтық тәрбие беру – құқық бұзушылықтың алдын алу» атты  айлығының іс-шараларының жоспарына сәйкес ағымдағы 14 ақпан күні білім алушылар арасында «Кибербуллинг пен буллингтің ерекшеліктері және   профилактикасы»  тақырыбында дөңгелек үстел іс-шарасы өткізілді. Мақсаты: Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, білім алушылардың құқықтық білімдерін дамыту, оқушылардың  бойына заңға  құрметпен қарау, адамгершілік  түсініктерін қалыптастыру. Дөңгелек үстел барысында тақырып бойынша кеңінен ақпараттар беріліп, қатысушылар тарапынан көңілге қонымды пікірлер айтылды. Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса,  ол құлдырайды, яғни келешегі болмайды. Мұны ежелден түсінген адамдар қоғамда тәртіп орнатудың амалдарын қарастырған. Дегенмен қоғамда керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім адамдар кездеседі. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын алады. Заң бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Дөңгелек үстелге 22 оқушы қамтылды.