"Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн"
Гендерлік зорлық-зомбылық мәселесін белсенді шешуге жастарды тарту және оның қоғамға әсері туралы хабардарлығын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 25 қараша - 10 желтоқсан аралығында "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні" халықаралық науқаны өзінің бастауын алды. 25қараша күні мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Мамбеталиев пен "Жас Ұлан" ұйымының тәлімгері З.Есмаилова мектеп білім алушыларының арасында ақпараттық дайындық іс-шарасын өткізді. Жұмыс барысында аталған науқанның маңыздылығы туралы айтылып, акция барысында жүзеге асырылатын іс-шаралар жоспарымен таныстырылды. Әйелдер мен қыздарға, балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесі өзекті күйінде қалып отырғаны атап өтілді. Мұндай жағдайлар батыл әрі нақты әрекеттерді талап етеді. Осыған орай 2024 жылдың сәуір айында Мемлекет басшысының тапсырмасымен әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауды күшейтуге арналған заң қабылданды. Жыл сайын Біріккен Ұлттар Ұйымы бүкіл әлемде гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділікті 16 күн бойы атап өтеді, БҰҰ Бас хатшысының атынан барлық мүше мемлекеттерге "Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты түп-тамырымен жою үшін бірігейік" деген үндеу жасалады. "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік" жаһандық науқаны жыл сайын 25 қарашада Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты түп-тамырымен жою күнінен басталып, 10 желтоқсанда Дүниежүзілік адам құқықтары күні аяқталады. Біз "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" науқанға біріге қосыламыз және барлық адамдарды әр адамның зорлық-зомбылықсыз өмір сүру құқығын қолдауға шақырамыз!