Заң және тәртіп акциясы аясында ата-аналар жиналысы » ОШ №8 п.Гранитогорск
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Меркенского района
Приемная
+7(72632) 2-60-20
Бухгалтерия
+7(72632) 2-60-20
Версия для
слабовидящих
» » Заң және тәртіп акциясы аясында ата-аналар жиналысы
17
январь
2025

Заң және тәртіп акциясы аясында ата-аналар жиналысы

№8 ЖОББМ-ның ата-аналар жиналысының өткізілгені туралы


 Х АТ Т А М А 


№8 ЖОББМ                                                                               16.01.2025 жыл  


Қатысқандар:№ 8 ЖОББМ-ның мектеп  әкімшілігі және Меркі ауданы полиция бөлімінің қызметкері және ата-аналар комитеті 


Тақырыбы: ЗАҢ және тәртіп акциясы аясында ата-аналармен кездесу

Күн тәртібінде:

№8 ЖОББМ Меркі АПБ қызметкері полиция капитаны Е. Оспанбеков Заң және тәртіп акциясы аясында  Жамбылская областьнда орын алып жатқан оқыс оқиғалар, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 9-11 сынып аралығындағы оқушылармен және ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және (немесе) оларға білім беру жөнiндегi мiндеттер туралы ақыл кеңес түсіндірме жұмыстарын жүргізілгені туралы.


Тыңдалды:


Мектепт әкімшілігі және Меркі АПБ қызметкері полиция капитаны                       Е. Оспанбековтың тарапынан балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ата-ана жауапкершілігін арттыру мақсатында 

  1. Кешкі уақытта баланың заңды өкілінсіз жүрмеуін қатаң қадағалау;
  2. Балалар мен жасөспірімдерді мереке тойлау, ішімдік ішу мен құмар ойындарына, зиянды әдеттерге жетелейтін іс-шаралардан тыю;
  3. Мектеп және ата-ана тарапынан бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету, 24/7 бақылауда ұстау;
  4. Ата-ана тарапынан өзіне-өзі қол жұмсау оқыс оқиғалар жайлы сөз қозғалмауы туралы ақыл кеңес түсіндірме жұмысы жүргізілді.

 1-11 сынып оқушылары арасында интернет желілерінде кең тарап, телеарна жаңалықтарынан жиі жасөспірімдердің әлімжеттік іс-әрекеттер жасап, аса қатыгездік танытып отырған сәттерін ұялы телефондарының бейне камераларына жазғандықтарын, интернет желілеріне жүктеп, жасаған қылмыстарын халыққа көрсетуге тайынбайтын жасөспірімдердің көбейгендігін айтты. 





АПБ-нің қызметкері  Меркі АПБ қызметкері полиция капитаны                                Е. Оспанбеков кәмелетке толмағандарға қылмыстық жауаптылық 14 жастан басталатындығын, қылмыс жасаған кәмелетке толмаған АПБ-не профилактикалық бақылау алынып, 

Ювеналды полиция тобының тарапынан қатаң бақыланатындығын,   жоспарға сәйкес, «Жасөспірімдерге арналған арнайы мектепке» сот шешімімен жіберілетіндігін ескертті.



                                                         Шешім:


  1. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу» бойынша Профилактикалық жұмыстар жандандырылсын;
  2. Кешкі уақытта баланың заңды өкілінсіз жүрмеуін қатаң қадағалау;
  3. Балалар мен жасөспірімдерді мереке тойлау, ішімдік ішу мен құмар ойындарына, зиянды әдеттерге жетелейтін іс-шаралардан тыю;
  4. Мектеп және ата-ана тарапынан бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету, 24/7 бақылауда ұстау;
  5. Ата-ана тарапынан өзіне-өзі қол жұмсау оқыс оқиғалар жайлы сөз қозғалмауы туралы ақыл кеңес түсіндірме жұмысы жүргізілді.


Жиналысқа төағалық етуші:

Мектеп директоры:                              ___________          С.К. Рахаев


Директордың құқықтық тәрбие                                                                                                                                                            ісі жөніндегі орынбасары:                  ___________       Б.Б. Мамбеталиев


Мектеп психологы:          ____________      Л.Н. Ковалева


Ата -аналар комитеті                        ____________      С. Альжанов


Хатшы:                      ____________        Д. Раманкулова