Бос жұмыс орындарына конкурс өткізу туралы » ОШ №8 п.Гранитогорск
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Меркенского района
Приемная
+7(72632) 2-60-20
Бухгалтерия
+7(72632) 2-60-20
Версия для
слабовидящих
» » Бос жұмыс орындарына конкурс өткізу туралы
23
август
2024

Бос жұмыс орындарына конкурс өткізу туралы


Бос жұмыс орындарына конкурс өткізу туралы
Хабарландыру
Мекен-жайы: Меркі ауданы, Андас батыр ауылы,Гранитогорск кенті Достық улица № 40 үй. 
Анықтама, байланыс номері: 8(72632) 2-60-20
Электрондық пошта: granitogorshkola8@mail.kz 
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы Коммунальное государственное учреждение «№8 жалпы орта білім беретін мектебі» отдела образования Меркенского района 
1.Негізгі функционалдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пән ерекшелігін ескере отырып оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушылардың жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеуметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқытудың әр түрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады. Пәннің күнделікті қысқа мерзімді жоспарларын құрады. Оқыту процесіне инновациялық, ақпараттық технологияларды ендіруді қамтамасыз етеді. Білім алушыларды мемлекеттік білім беру стандартында қарастырылған білім, білік және дағдылармен қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және дайындауға қатысады, оны оқу жоспары мен оқу үрдісі кестесіне сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді. 
Бос лауазымдар атауы

1. Орыс сыныптарына математика  пәнінің мұғалімі -16  сағат тұрақты
2. Орыс сыныптарына физика пәнінің мұғалімі – 10 сағат   тұрақты
3. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – 1 жүктеме тұрақты
4. Қазақ сыныптарына география пәнінің мұғалімі- 8 сағат уақытша

 3. Кандидатқа қойылатын  біліктілік талаптар: пән бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат; конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес,
 педагогикалық еңбек өтілі бар үміткер үшін педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы міндетті.
 4. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2024 жылдың  23.08- 03.09 аралығында.

 5. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының» 3-тарау, 1-параграфының 134 тармағына сәйкес (16.08.2023 №343 өзгерістерімен) жүргізіледі.
       154. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
11) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

       Конкурсқа құжаттар Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы Коммунальное государственное учреждение «№8 жалпы орта білім беретін мектебі» отдела образования Меркенского районанде қабылдау бөлмесінде қабылданады.