07
декабрь
2023
Жас мамандарға арналған «Үздік әдіс-тәсілдер» іс-тәжірибе алмасу коучингі ұйымдастырылды


Төмендегі шығармашылық топ мұғалімдері жүргізді:
А.Р. Бактиярова
Г.К.Алдибаева
Мақсаты: Жас маманның кәсіби шеберлігін қалыптыстыра отырып,ізденімпаздыққа,іскерлікке дағдыландыру.
Міндеті: сабақ үрдісіндегі жаңа әдіс- тәсілдердің оқытудағы маңызын ажырату.Оқушыны дамытатын дағды мен қабілеттерді анықтауға белсенді оқыту стратегиялары бойынша тәжірибе алмасу.
Коучинг барысында мұғалімдер әдіс-тәсіл ұғымы бойынша пікір алмасып, көптеген әдіс -тәсілдермен танысып ,оларды тәжірибе жүзінде қолдану жолдарын қарастырды. Сонымен қатар коучинг барысында мұғалімдер сабақта қолдануға арналған формативті бағалаудың түрлерін қолданып, бір- біріне кері байланыс беріп отырды.