10
ноябрь
2023
Жас мамандарға арналған «Үздік әдіс-тәсілдер» тақырыбында іс-тәжірибе алмасу коучинг өткізілді. Жауапты: Мырзабаева Б.А.
№8 ЖОББМ 2023-2024 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес № 276 бұйрығы бойынша қарашаның 10-ы күні
жас мамандарға арналған «Үздік әдіс-тәсілдер» тақырыбында іс-тәжірибе алмасу коучинг өткізілді.
Жауапты: Мырзабаева Б.А.
Коучинг барысында жас мамандарға көмек көрсету ,өзіне сенімділігін арттыру жолдары,олардың жұмысқа деген қызығушылығын ояту қағидалары туралы ой бөлісті. Сонымен қатар "Жабайы қаздардың ынтымақтастығы туралы бес сабағы"видеосы, "Австралиялық жаңбыр" сергіту сәттері де болды.Жас мамандар коучингтен жақсы әсер алып,мамандығына деген мотивациялық көңіл күйлері одан ары артты.

