БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ АЯСЫНДА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫ ҚОЛДАНУ
«Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы“ А. Байтұрсынов Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде 2016-2017 оқу жылынан бастап жаңартылған білім беру мазмұнына көшу сатысы басталып, оқушыларды кең ауқымды дағдыларға үйретуге, функционалдық сауаттылықтарын арттыруға, адами құндылықтарын дамытуға көңіл бөліне бастады. Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – оқушыларды сындарлы оқытуға үйрету, әлемдік білім кеңістігіне қол жеткізу, инновациялық білім негіздерін терең меңгерту. Мұғалімдер қауымы үшін білім беру ісінде нәтижелікпен сапалы білім беру маңызды болып саналады. Ал нәтижеге қол жеткізуде бағалау нақты, шынайы, сенімді, ынталандырушы сипатта болғаны абзал. «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалауды қолдану» тақырыбында жалпы критериалды бағалауға тоқталғым келіп тұр. Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесі анықтайды. Бұл бағалау рәсімдерінің сапалылығын, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін және әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан үшін ұсынылып отырған жаңа критериалды бағалау жүйесі білім алушының дамуын, оның қызығушылығын және оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталады. Егер әр білім алушыға және оның ата-анасына түсінікті болатындай нақты әрі өлшемді бағалау критерийлері белгіленетін болса, бұған жетуге әбден болады. Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты бағалау критерийлерінің негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну. Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері: 1. Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту; 2. Жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруына жағдай жасау; 3. Бірыңғай стандарттарды, сапалы бағалау құралдарын, механизмдерін қалыптастыруға көмектесу; 4. Қолжетімді, нақты, үздіксіз: –– білім алушыларға олардың оқу сапасы туралы; –– мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы; –– ата-аналарға оқу нәтижелерінің деңгейлері туралы; –– басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы ақпараттар ұсыну. Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі: Алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы; Анық, айқындылығы; Бағаның әділдігі; Өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі. Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері: Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау; Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы; Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау; Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру; Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау; Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету. Критериалды бағалау артықшылықтары: Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады; Оқушының жұмысын бағалау алдын –ала ұсынылған критерийлерге негізделеді. Бағалау алгоритмі оқушыларға алдын-ала белгілі; Оқушы нақты не мақсатта жұмыс істеп отырғанын №04 (101), сәуір 2021 жыл 39 біледі; Оқушыға өзінің білімділік деңгейі анық көрініп тұрады; Критерий арқылы бағалау мұғалімнің оқушы деңгейін анық біліп отыруына мүмкіндік береді; Білім берудің сапасы артады. Критериалды бағалаудың маңыздылығы, ол үш жақты болмақ: Мұғалімдер үшін: Сапала нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға; Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға; Сабақ берудің сапасын арттыруға; Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға; Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға; Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге Оқушылар үшін: Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға; Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге; Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге; Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге Ата-аналар үшін: Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға; Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға; Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады. Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі: Мұғалімге оқушының оқу жетістіктерін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді; Оқушыларға оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсінуге, бағалауға мүмкіндік береді; Ата-аналар оқушының оқу жетістіктер бойынша объективті дәлелдемелермен қамтамасыз етіледі; Критериалды бағалаудың қағидаттары Критериалды бағалау төмендегідей қағидаттарға (принциптерге) сәйкес жүзеге асырылады: • Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты. • Шынайылық, сенімділік және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі болады. • Ашықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады. • Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады. • Дамуға бағыттау. Бағалау нәтижелері білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады. Критериалды бағалаудың құрылымы. Оқу жылы барысында оқудың ілгерілеуі, үлгерімі туралы мәліметті жинау үшін бағалаудың екі түрі жүзеге асырылады: қалыптастырушы және жиынтық бағалау. Бағалау тәсілдері критериалды бағалаудың түрлеріне, пән мазмұнына қарай ерекшеленуі мүмкін. Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуге, оны түзетуге құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді. Кері байланыс беру Кері байланыс сабақтың әр кезеңінде қолданылады, мұғалімнің білім алушылармен үздіксіз өзара әрекет етуін жүзеге асыруға, нәтижесінде оқу үдерісін түзетіп, сабақты әрі қарай жоспарлауға мүмкіндік береді. Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге: • білім алушылардың жақсы жақтарын ескеру; • тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты түсіндірмей тұрып, «олай емес», «дұрыс емес» деген сөздерді қолданбау; • білім алушылардың жұмысын жетілдіру немесе кемшілік тұстарын жөндеудің жолдарына ұсыныс беру; • кері әсер ететін сөздерді, білім алушыларды кекету, келемеждеуге қатысты, мысалы, «орынсыз жауап», «осыны ойлауға қалай ақылың жетті» деген сияқты сөздерді мүлдем қолданбау ұсынылады Жиынтық бағалау өз кезегінде бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық, орта білім беру деңгейі бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдерінен тұрады. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау оқу бағдарламасына, оқу жоспарына сәйкес бөлім немесе ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде өткізіледі. Аталған жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады. Бөлім/ ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары оқу мақсаттарына, бағалау критерийлеріне сәйкес құрастырылады. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер саны жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста берілген: • Қазақстан ұстазы 40 жаратылыстану-ғылыми пәндер – бөлім бойынша; • әлеуметтік-гуманитарлық пәндер – ортақ тақырыптар бойынша; • тілдік пәндер – сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша: тыңдалым мен айтылым, оқылым мен жазылым бойынша анықталады Рубрика бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың әр рәсімі үшін құрастырылады, ол әр критерий аясындағы оқу жетістігі деңгейін көрсетеді. Тоқсандық жиынтық бағалаудың үдерісі Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мазмұнындағы білім, дағды және түсінуге қатысты дәлелдеулерді ұсынады, тоқсандағы оқу барысының ілгерілеуін өлшейді. Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан соңында өткізіледі, онда тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады. Тоқсандық жиынтық бағалауда бақылау-тексеру жұмыстарын әр түрлі өткізу қарастырылады. Жиынтық бағалау жұмыстарын құрастыру кезінде ойлау дағдыларының деңгейлерін, жетістігін көрсетуін, ойлау деңгейлерінің талдау, синтез және бағалау сияқты жоғарғы сатыларымен қоса әр түрлі тапсырмалардан тұруын есепке алу қажет. Тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын модерациялау Бағалауды стандарттау мақсатында мұғалімдер білім алушылардың тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарының нәтижелерін талқылауы үшін модерация белгіленген. Модерацияны өткізу үшін параллель сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің ішінен комиссия құрылады. Олар белгілі бір пән бойынша балл қою кестесіне қатысты бірыңғай түсінікті қамтамасыз ету үшін алдын ала бағаланған жұмыстарды талқылайды. Модерация төрағасы әдістемелік бірлестіктің жетекшісі, одан басқа кез келген пән мұғалімі бола алады. Мұғалім мұнда тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің модерация қорытындысы бойынша жоғары сондай-ақ, төмен деңгейге қарай өзгеруі мүмкін екенін ескеруі қажет. Мұғалімдердің модерация кезіндегі әрекеті Тоқсандық жиынтық бағалауды модерациялау үдерісі белгілі бір тәртіппен жүргізіледі. Мұғалім модерацияға дейін: • білім алушылардың жиынтық бағалау жұмыстарын балл қою кестесіне сәйкес бағалайды. Балдар қарындашпен қойылады; • жиынтық бағалау жұмысы үлгілерін (максималды, минималды балдармен; бағалауда қиындық тудыратын жұмыстарды) іріктеп алады; • жеке мәліметтерді шифрлейді, білім алушылардың жұмыстарының көшірмелерін дайындайды. Модерация кезінде: • жұмыс қорытындысын ұжымда талқылайды, барлық балдардың балл қою кестесіне сәйкес қойылғанына көз жеткізеді; • қажет болған жағдайда нәтижелерге немесе балл қою кестесіне өзгерістер енгізеді; • отырыс хаттамасына қол қояды. Модерациядан кейін: • модерацияны ескере отырып, білім алушылардың жұмыстарын қайта қарайды, жоғарылату немесе төмендету жағына қарай балдарды өзгертуі де мүмкін; • соңғы нақты балдар қаламмен қойылады; • соңғы нақты балдарды электрондық журналға қояды. Модерацияны ойдағыдай жүргізу үшін қажетті жағдайлар: ынтымақтастық мәдениеті, ашық және анық коммуникация, сындарлы (конструктивті) кері байланыс және ұжымдағы кәсіби қолдау болып табылады. Қорытынды Заман талабы - жан-жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Оқушы тұлға болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, алған білімдерін өмірде қолдануға бейімдеу болып табылады. Қорыта айтқанда, бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан көз жеткізуге болады. Критериалды бағалау жүйесі оқушының белсенділігін арттыруды, оқу үдерісінде жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізеді. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.
Әдебиеттер тізімі: 1.«Жаңартылған білім беру мазмұны аясында критериалды бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру» 2017 ж 2. Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық. Астана 2016 3. Мұғалімге арналған нұсқаулық (екінші басылым) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015 4. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық Астана