ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУ. БІЛІМ БЕРУДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Қазіргі заман ағымы болашақ ұрпақтың ой -өрісінің шыңдалуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын талап етуде. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің «Бала балқытылған алтын», -деген қанатты сөзді еске түсіреді. Егеменді еліміздің алғы шарттары өркениетті елдер қатарына көтерілуі керек болса, өркениетке жету үшін жан – жақты дамыған, рухани бай тұлғаны өсіру керек. Жас ұрпақтың бойындағы қабілетін көру,оны жетілдіру ізденгіштік қасиетін дамыту мұғалімнің сабақ берудегі ізденушілік, шеберлік қаблеттеріне байланысты. Ж.Аймауытов «сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»- деген, яғни оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың әрекеті арқылы ойоау дағдыларын жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделуі қажет. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдаған жолдауында «Біздің міндет жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалана отырып, білім мен бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу» деп ұстаздар қауымының алдына жаңа міндеттер қойды. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Педагогикалық технология – педагогикалық іскерліктердің жетістігіне жеткізетін ғылыми жобалау жән енақты өндіру. Сонымен педагогикалық процесс белгілі жүйе принциптерінде құрылатын болғандықтан, педагогикалық техналогия сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Осы принциптерді жалғастырмалы орындау оларға объективті қарым – қатынастарында және педагогтың тұлғасын толық көрсететін жинағы ретінде қалыптастырылады. Педагогикалық технологияны оны жақсы меңгеру дегеніміздің өзі – шеберлік. Оқыту технологисы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі болып табылады. Педагогикалық технологиы үш аспектіде қаралады: ғылыми, процессуалды –сипаттамалы, процессуалды –әрекеттік. Осындағы жолмен педагогикалық технология оқытудың рационалды жолдарын зерттеуші ғылыми ретінде, принциптер мен зерттеуші қызметін атқарады. Баланы қызықтыра тәрбиелеп басқару оқушының білімге, ғылымға деген құлшынысын күшейтеді, өркендеуіне өте қажет шығармашылық қасиеттерін ашады. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Педагогикалық технология дегеніміз – оқытушының өзін –өзі ұстай білуі, байқағыштығы, алғырлығы, сөзге шешендігі. Педагогикалық тех- №04 (101), сәуір 2021 жыл 33 нология ақпаратты өңдеу, сақтау, беру әдістері мен құралдарының табыстарына байланысты дамудың барлық мүмкіндіктеріне ие бола алатын әлеуметтік технологияның маңызды компоненті болып табылады. Сонымен технология деп белгіленген мақсатты тиімді орындау үшін материалды түрлендіру процестері мен әдістерінің жиынтығы, кешеді бірлігін айтуға болады. Педагогикалық технологияда алғаш рет анықтама берген ғалымдардың бірі – орыс ғалымы В.П.Беспалько. Ол «педагогикалық технологияны практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба» деп көрсеткен. Б.Т.Лихачев «Педагогикалық технологияны оқу үрдісіне белгілі бір мақсат көздей отырып әсер ететін педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің жүйесі» ретінде көрсетеді, оның үнемі өзгеріп отыратындығын айтады. Қазақстандағы Ж.А. Қараевтың, Ә.Жүнісбектің және тағы басқа ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда. Бастауыш саты – оқушының интелектілік дамуының іргетасы, оқу әрекетінің қалыптасуының қуатты кезеңі. Бала мектеп жасына жеткенімен, олардың есте сақтау қаблеті әлсіз, қабылдауы тұрақсыз бытыраңқы келеді. Не нәрсені болса да білуге құмар, қолымен ұстап көзбен көргенді ұнатады.Сондықтан да сабақта көрнекіліктерді, ойын элементтерін қорлданыпоқыту процесін қызықты ұйымдастыру қажет. Бастауыш сыныпта қолданылатын технологиялар: «Ойын арқылы оқыту технологиясы», «Модульдік оқыту технологиясы», «Сын тұрғысынан оқыту технологиясы», «Білім беруді ізгілендіру технологиясы » «Дамыта оқыту технологиясы». Ойын арқылы оқыту технологиясы. Дидактикалық,тәрбиелік, дамытушылық,әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойындық іс-әрекеттің психологиалық механизмі жеке бастық өзіндік талап талғамдарына сүйенеді.Баланың бойындағы білімдік,танымдық,шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Модульдік оқыту технологиясы. Оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдіс түзу, мұғалімге нәтижені талдап,түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру. Оқушылармен жүргізілетін қиындықтың алдын алу және түзету жұмысының жүйесін жасау. Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады.Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде құрылымды бөліктен: кіріспеден,сөйлесу бөлімінен және қортынды бөлімнен тұрады. Әр оқу модулінде сағат саны әр түрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа,тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты.Кіріспе жәнеқортынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады. Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу бөлімінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Снан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытында есептелген оқу материалын қысқаша сызба,кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді. Оқушылардың оқу материалдарын жаңғырту деңгейін,қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сөйлесу бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады. Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған. 3,4 сабақтардан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай сараланған тапсырмалар беріледі. Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастырылу формасы бойынша әр оқушы өзінің қалай және немен шұғылдануы тиіс, сабақ барысында сабақтың ережелерімен немесе оның жүру барысымен алдын ала таныстырады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» (СТО) бағдарламасы қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түпкір- түпкірінен жыйылған білім берушілердің бірлескен еңбегі,ал бағдарламаның негізі Ж.Пиаже ,Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың: 1. Өзбетінше тұжырым жасау,қортындыға келу. 2. Ұқсас құбылыстар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білу. 3. Проблеманы шеше білу. 4. Пікір таласты жүргізе білуге қабілеті қалыптасады. Сын тұрғысынан ойлаудың маңыздылығын ың нәтижесі: 1. Әдіс түрлері. 2. Белсенді практикалық іс-әрекетте болуы 3. Басқалармен қарым-қатынас жасай білу,қорғай білу. 4. Қажет болса өз көзқарасын өзгерту. 5. Топтық тұжырымға келе білу. 6. Топ алдына шығып,өз тұжырымын айта білу. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға ,елестету мен есте сақтауын , белсенділігін дамытып ,білім сапасының артуыны көмектеседі. Деңгейлік тапсырмалардың ауқымы өте кең. Оқулықтағы жаттығулар өтілген ережелер бойынша қайталау, пысықтау бекіту жұмыстарына арналған тілдік , грамматикалық жұмыстар жүйесі. Деңгейлік тапсырмалар құрамына мәтіндер , тренингтер жүйесі қамтылады . Бұлар оқытудың деңгейіне сәйкес оқушыны саралап оқытуға ыңғайлы,әрі оқу бағдарламасы бойынша оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылады. Бұл технология оқушының да ,мұғалімнің де Қазақстан ұстазы 34 белсенді шығармашылық қызыметін дамытуға бағыттайды. Деңгейлік тапсырмалар төрт деңгейде беріледі . 1-деңгейдегі тапсырмаларын орындау барысында «танып білу» және үлгі бойынша «қолдану» арқылы орындалады,яғни жаңа сабақ бойынша берілгентапсырмалармен жұмыс жүргізіледі.Бұл тапсырмалар білімнің минималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушының жас ерекшеліктерне сай болады. 2-деңгей тапсырмалары түрленіп , күрделене түседі. Оқушы өз бетімен керегінше қызмет етеді. Оқу мотивтері қанағаттанарлық дәрежеде. Ықыласы жоғары. Оқушының қабылдауы ,жазба жұмыстарын орындау көрсеткіштері міндетті деңгейден әлдеқайда жоғарыболады. 3- деңгейдегі тапсырмаларына ,талдау жинақтау,қорту барысында есептер беріледі. Ал 4- деңгейлік тапсырмалар дарынды ,ізденімпаз ,қабілеті жоғары , талапты балаларға арналады. Ондай оқушыларға мұғалім тек тақырыбын ғана береді,оқушының өзі мақсатын қойады,нәтижесіне жетеді,жазба жұмыстарын өз бетінше орындайды. Дамыта оқыту теғнологиясы. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік –зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады.Ол үшін бала өзінің осы кезеңге дейінгі тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп ,содан барып оның білімін алуға деген ынтасы артып,білім алуға әрекеттенеді.Сабақ мұндай жағдайда 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады. 1. Оқу мақсаттарының нақты қойылуы. 2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру. 3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу. Қорта келгенде оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану сөзсіз білім сапасының артуына алып келеді. Сондықтан жаңа технологияны әрбір ұстаздың пайдалануы –өмір талабы.
Пайдаланған әдебиеттер. 1. Г.Кертаев.Оқытудың кейбір әдістері. Алматы,1991. 2. Б.Р.Айтмамбетова . Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. Алматы,1991. 3. Беспалько В.П. Педагогика технологиясы.1998. 4. Селенко К.К.Современенны образовательные технологии.1998