№198 бұйрық туралы
Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
«№8 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Педагогикалық кеңес хаттамасынан көшірме
29.08.2018 жыл
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыру ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығымен таныстыру
Қатысқандар: 45 мұғалім
Тыңдалды: Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.С. Разакпаева сөйледі.
Өз сөзінде «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыру ұсыну» » мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығымен таныстырды.Атап айтқанда стандарттағы жалпы ережелерімен,қызмет көрсету тәртібімен,мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне,әрекетіне (әрекетсіздігіне)шағымдану тәртібі және ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптарымен таныстырып өтті. Көрсетілген қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесін атап өтті:
<!-1)Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
<!-2)Ата-аналардың жеке басына куәландыратын құжат (жеке сәйкестендіру үшін қажет)
<!-3)Бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасының тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (жеке сәйкестендіру үшін қажет)
<!-4)2008 жылға дейін Қазақстан Республикасының тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі;
<!-5)Мәртебесін дәлелдейтін құжаттың көшірмесі ;
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін –мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан көрсетілген қызметті алушылар санаты үшін көрсетілетін қызметті алушының жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама жан басына шаққанда орташа табысы күн деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін алған табысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы,кәсіпкерліктен және басқа асырандыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама )
Отбасында тәрбиелетін жетім балалар ,ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін –қамқоршылықты (Қорғаншылықты) бекіту туралы уәкілетті органның шешімі, жетім баланың немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың патронаттық тәрбиеге, қабылдаушы отбасына берілгені туралы шарт;
Төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар үшін төтенше жағдайлардың шұғыл жәрдемнің қажеттілігін дәлелдейтін құжат;
Білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жататын балалар үшін –отбасының материалдық тұрмыстық ахуалын зерделеу, сондай-ақ қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін басқа қажетті құжаттардың негізінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну туралы білім беру ұйымының алқалық органның шешімімен бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтуға болатындығын айтып өтті.
Қаулы:
<!-1.«№8 жалпы білім беретін мектебінде білім алушыларға тамақтандыруды ұйымдастыру барысында «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыру ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығы басшылыққа алынсын.
<!-2. Сынып жетекшілер оқушыларды бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін білім алушылардың әлеуметтік –тұрмыстық жағдайына зерделеу жүргізсін .