Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін тәрбиелеу » ОШ №8 п.Гранитогорск
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-60-20
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-60-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін тәрбиелеу
04
октябрь
2023

Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін тәрбиелеу

Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін тәрбиелеу атты мектепішілік іс-шара туралы

АНЫҚТАМА

4.10.2023ж

Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін тәрбиелеу атты мектепішілік іс шара

Мақсаты:  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерін қалыптастыру; саяси өмірден хабардар ету жеке тұлғаның  еркін сөйлеуіне, еліне, жеріне  деген өз ой - пікірлерімен бөлісуге жағдай жасау, өз еліне  адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тақырыптық слайд, бейнебаян.

«Сыбайлас жемқорлық» - латын тілінен аударғанда «параға сатып алу», «пара» -деген түсінік береді, құқыққа қарсы іс – әрекет деген мағынада айтылған. Ал, орыс тілінде  түсіндіретін болсақ сыбайлас – жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы деп айтамыз.

Қарапайым сөзбен жеткізетін болсақ қоғамдағы лауазымдық өкілеттілікті асыра пайдалану, билік өкілдерінің лауазымдық дәрежелерін арттыру мақсатында немесе қызмет барысында жеке бастың қамы үшін сенімнен шығу, сеніп тапсырылған мүліктерді ұрлау және иелену, біле тұра өтірік айғақ көрсету, куәларды, жәбірленушілерді немесе сарапшыларды сатып алу, сот шешімдерін, үкімдерін және басқаларды лауазымдық тұлғалардың орындамауы, сыбайласқан байланыстарды қолдау жиі кездеседі. Бұл заңға қарсы әрекет жасау дегенді білдіреді.

Шәкәрім атамыз адалдық туралы:

Мақтан үшін мал жима,жан үшін жи.

Ғибадат пен адалдық ар үшін жи -  дегендей бақыттың өзі адалдықпен келеді.

Ендігі кезекте сыбайлас жемқорлық туралы сендердің білімдеріңді байқап көрейік.

Балалар сендер білесіңдер ме?

  1.  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қашан қабылданды? 2.07.1998 жыл
  2. “Сыбайлас-жемқорлық” деген не? (“Сыбайлас - жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді.)
  3. ҚҰҚЫҚ деген не ? (мемлекет орнатқан және оның күшiмен қорғалатын, жалпыға бiрдей қоғамдық қатынастарды реттейтiн тәртiп ережелерiнiң (нормалардың) жиынтығы.)
  4. Заң деген не?  (мемлекеттiң ең жоғарғы басқарушы органының шығарған, қабылдаған ең жоғары күшi бар нормативтiк кесiм. Барлық заңдар және заңға тәуелдi нормативтiк кесiмдердiң Конституцияға сәйкес болуын Заңның үстемдiгi дейдi.)
  5. Қылмыстық Кодекстің 366-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген  адамға бұрын жасаған заңды әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін сомасы   немесе құны неше айлық есептік көрсеткіштен аспайтын болса қылмыстық жауапкершілікке жатпайды? (2 айлық есеп)
  6. Пара беру дегеніміз не? (қандай да бір коммерциялық келісімге келу үшін немесе жеке пайдасы үшін жасалған ынталандыру немесе марапаттау.)
  7. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін қандай жауапкершілік көзделген?  (Сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін жазаның түрі мен мөлшері жасалған қылмыстық әрекеттің қауіптілік деңгейі мен келтірілген залалына байланысты болады. Мәселен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі)
  8. Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн қашан жарияланды? (2003 ж 9 желтоқсан)
  9.  “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы”   заң қашан қабылданды? (18 .11. 2015 жыл)
  10. БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Конвенциясы қашан қабылданды? (31.10.2003ж.)

Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсатты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар .