«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» педагогикалық ұжыммен өткізілген жиналысы туралы
АНЫҚТАМА
29.08.2023ж. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабы 2 тармағына және ауданның білім беру ұйымдарының Жарғыларының талаптарына сәйкес және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің 23.09.2022 жылғы №334-Ө хатының негізінде мектебімізде басшылар мен педагогтары сынып пен мектептің әр түрлі қажеттіліктеріне ақша жинау және сынып жетекшілері білім алушылардың ата-аналарынан (заңды өкілдерден) мерекелік іс-шаралар өткізуге, білім алу қажеттілігіне қайырымдылық көмек көрсету есебінен мәжбүрлеп қаражат жинауға жол берілмеу туралы аудандық бұйрықтың негізінде мектеп директоры- С.К.Рахаев кезектен тыс директор жанындағы кеңесте педұжыммен ақша қаражатын жинамау мәселесі туралы қаралып, барлық сыныптарда осы тақырыпта ата-аналар жиналысы өтті. Онда:- ата-аналармен білім алушылар үшін ақша қаражатын жинауға жол бермеуге арналған «Сенім жәшігі» жұмысын атқару және бұл туралы хабарламаларды әлеуметтік желілерде орналастыру;
-жедел желіге түскен өтініштерді уақытында сапалы зерделеп нақты шара қабылдануы;- мектебімізде ақша қаражатын жинауға жол бермеу туралы 2022 жылдың 26 қыркүйек күні шығарылған №170 бұйрық туралы педагогтарға, білім алушылардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) таныстыру мәселелері қаралды.
