Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ата-аналар жиналысы » ОШ №8 п.Гранитогорск
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-60-20
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-60-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ата-аналар жиналысы
11
сентябрь
2023

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ата-аналар жиналысы

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ата-аналар жиналысы туралы         

  11.09.2023ж

АНЫҚТАМА

         Мектебімізде 9 қырқүйек күні, сағат 12.00-де  мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. 

Жиналыстың мақсаты:  білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жас ұрпақ бойына адамгершілік, шыншылдық мәдениетін сіңіру жолдарын жан-жақты талдау болды. 

     Жиналыстың күн тәртібінде төмендегі мәселелер қарастырылды:

1. Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты

 Тарих пәнінің мұғалімі: Ж.С.Сауранова

2. "Адал ұрпақ" мектептің сыбайлас жемқорлыққа қарсы клубы және оның атқарып жатқан жұмыстары туралы

Директордың тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары: Б.Б.Мамбеталиев 

3. «Жемқорлық індет-жою міндет» (пікірталас)

Тарих пәнінің мұғалімі:Д.Б.Данышбаева 

  Жиналыс барысында ата-аналар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламаларымен, заңдармен таныстырылып, жан-жақты мағлұмат алды. 

- мектебімізде ақша қаражатын жинауға жол бермеу туралы 2022 жылдың 26 қыркүйек күні шығарылған №170 бұйрық туралы педагогтарға, білім алушылардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) таныстыру мәселелері қаралды.Сонымен қатар, мектепте бала бойына адамгершілік, шыншылдық мәдениетін сіңіру жолдары туралы пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Алдағы уақытта балалармен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған   іс-шараларға белсенді түрде қатысатындарын айтты.