Үйлестіру кеңесінің хаттамасы » ОШ №8 п.Гранитогорск
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-60-20
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-60-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Үйлестіру кеңесінің хаттамасы
30
ноябрь
2018

Үйлестіру кеңесінің хаттамасы

№8 жалпы білім беретін мектебінде оқушылар арасындағы құқықтық тәрбие жұмысын жақсарту, қылмыстың алдын алу, болдырмау және бекітілген полиция инспекторларының жұмысын үйлестіру жөніндегі
өткізілген жиналыс хаттамасы
Мерзімі 8.10.2018 жыл.
Қатысқандар: 40
Қамқоршылық кеңес мүшелері: 9
Мектеп әкімшілігі, директор Сансызбаев Ғ.К
Мектеп инспекторы Мырзабаев Р. Д

Күн тәртібінде
1.№8 жалпы білім беретін мектебінде құқықтық тәрбие жұмысы мен
қылмыстың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстың есебі -ДҚТЖО
Бросалина Н.Г
2.Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу,
қылмысты болдырмау бағытында бірлесіп жүргізілген жұмыстар есебі.
Мектеп инспекторы Мырзабаев Р.Д


Тыңдалды:
Мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Бросалина Н.Г жиналысқа қатысып отырған қонақтармен таныстырды.
Мектеп директоры «Тәрбие басы- тал бесік», демекші тәрбие отбасынан басталады деп, өз сөзінде оқушылар арасындағы құқықтық, жасөспірімдер арасында кикілжіңді болдырмау, оқушылардың күнделікті сабақтан қалмауы, мектеп ережесіне бағыну туралы аттып өтті.
Бірінші мәселе бойынша Бросалина Н.Г өз баяндамасында №8 жалпы білім беретін мектебінде 2017-2018 оқу жылында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берді.
2017-2018 оқу жылында мектеп оқушыларының құқықтық санасы мен мәдениетін, олардың балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық –зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру мақсатында жұмыстар жүргізілген. Мектеп оқушыларының құқықтық сауаттылығын көтеру мақсатында өткізілген іс –шаралар бастауыш сынып оқушылары арасында құқықтық мемлекет туралы бастапқы түсініктері қалыптастыру, жүріс-тұрыс ережелері үйрету мен өз құқықтары мен бостандықтарын күнделікті өмірде қолдана білуін үйрету мақсатында 1-11 сынып оқушыларына жалпы құқықтық білім беруде азаматтық тәрбиелеу, өз құқықтарын, міндеттерін саналы да сындарлы түрде ұғындыру мақсатында дәрістер, дөңгелек үстелдер, сынып сағаттары өткізілген.
Ата-аналарға кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықпен зорлық зомбылықты алдын алу бойынша кеңестер беріп, Қазақстан Республикасының заңдарыңдағы ата-аналардың міндеттері мен жауапкершіліктерін таныстырылған.
Мектеп оқушыларының бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында мектепте спорттық үйірмелер жұмыс жасайды.
2017-2018 оқу жылының басында АІІБ-де есебінде «жайсыз отбасы» 2 отбасынан шыққан 6 оқушы есепте тұрған. Есепте тұратын оқушылармен үнемі жеке әңгіме жүргізіліп, олардың бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін үйірмелерге қатыстырылып, мектеп директорының бұйрығымен тәлімгер бектілген. Әр оқушыға жеке жұмыс жоспары құрылып, тіркеу дәптері жасалынып, күнделікті сабаққа қатысуы қадағаланып отырылды. Сынып жетекшілер есептегі оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыста жұмыс атқарды. Мектеп әкімшілігі, мектеп инспекторы және ЖПҚ ЮПТ-ның аға инспекторы Мырзабаев Р бірлесе отырып, есептегі оқушылармен профилактикалық жұмыстар жүргізілген.
Мектеп оқушыларының арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу бойынша «Түнгі ауылдағы балалар, «Көше», «Жасөспірім», атты тақырыпта рейдтері ұйымдастырылып, жүргізілген. Оған жауаптылар: ДҚТЖО, келісім бойынша аумақтық инспектор және кезекші мұғалімдер бекітілген. Рейд барысында мектеп оқушылары арасындағы құқық бұзушылық фактілері тіркелмеген.
2 мәселе бойынша мектеп инспекторы Мырзабаев Р.Д есебі берілді.
№8 жалпы білім беретін мектебі мен Меркі аудандық ІІБ ЖПҚ-нің ОПТ-мен бірлескен іс-шаралар жоспары жасалынып бекітілген. Іс-шаралар жоспарына сай жұмыстар өз деңгейінде атқарылған.
2017-2018 оқу жылында мөлтек аудандарда қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды анықтау мақсатында мектеп әкімшілігі мен педагогтардан топ құрылып рейд жүргізілді. Рейд барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және түнгі мезгілде көшеде бей берекет жүрмеуін қадағалау барысында ешқандай қараусыз және панасыз қалған кәмелетке толмаған анықталмаған 2017-2018 оқу жылында
Ақпан айында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықпен қылмыстың алдын алу және болдырмау мақсатында өткізілген онкүндік барсында мектеп оқушыларымен олардың ата-аналарының түсіндіру жұмыстарын жүргіздім. Мектеп оқушылары арасында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықпен қылмыстың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің заңнамалық нормаларын түсіндірілген.
Ата-аналар арасында ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбилеу жөніндегі міндеттерін орындамаған жағдайда жазаға тартылатындығын туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
№8 жалпы білім беретін мектебіне қарасты мөлтек аудан 2жайсыз отбасы есепте тұрды. Мектеп әкімшілгімен бірлесіп жайсыз отбасылардың үйлерін аралап, әлеуметтік –тұрмыстық жағдайларының актісі толтырылды. Жайсыз отбасыларда тәрбиеленіп жатқан кәмелетке толмағандар сабақтан қалмайды. Отбасы тарапынан балаларға ешқандай қысым жасалмайды.
2018-2019 оқу жылында мектеп пен АІІБ ЖПҚ-ның ЮПТ мен бірілескен жоспар жасалынып бекітілді. Жоспарға сай жұмыстар жүргізілуде мектепте «Полицияның жас көмекшілері тобы» құрылып, топ басшысы тағайымдалып, тобы жұмыс бойынша бағыт бағдар берілді.
2018-2019 оқу жылында АІІБ ЮПТ-ның есебінде тұрған 1 оқушы.
Өткен мерзім барысында мектеп оқушыларының қатысуымен құқық бұзушылық фактілері тіркелген жоқ.


Жиналыстың шешімі


Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмысты алдын алуда бекітілген полиция инспекторларымен бірлесіп жұмыстар атқарылсын.

Похожие публикации:

10 сентябрь 2018 №198 бұйрық туралы
28 ноябрь 2018 Мектепке жол