2024-2025 оқу жылының аяқталуына орай өткізілген мектепшілік жалпы ата-аналар жиналысының өткізілген туралы хаттамасы » ОШ №8 п.Гранитогорск
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-60-20
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-60-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2024-2025 оқу жылының аяқталуына орай өткізілген мектепшілік жалпы ата-аналар жиналысының өткізілген туралы хаттамасы
06
май
2025

2024-2025 оқу жылының аяқталуына орай өткізілген мектепшілік жалпы ата-аналар жиналысының өткізілген туралы хаттамасы

Жамбыл облысы   әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің  

№8  жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Хаттама №


Мерзімі:      08.05.2025ж.                                                        Гранитогор   кенті

Қатысқандар: 68  ата-ана


Күн  тәртібіндегі   мәселелер:


  1. 2024-2025 оқу жылының аяқталуы және өзге де мәселелер бойынша ақпарат- мектеп директоры С.К.Рахаев
  2. 2025-2026 оқу жылындағы оқушылардың мектеп формасына қойылатын талаптар-Д.Т.Ж.О. А.Т.Акшамова 
  3. Бала қауыпсіздігі баршамызға ортақ-жауапкершілік –Д.Қ.Т.Ж.О Б.Б.Мамбеталиев.
  4. «Ата-ананың балаға бөлген уақыты – бала тәрбиесінің негізі» тақырыбында мектеп психологы – Л.Н.Ковалева.


Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры  С.К.Рахаев  сөз алып жиналыстың күн тәртібімен таныстырды. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің 2024-2025 оқу жылын аяқтау туралы ұсынымы негізінде Меркі ауданының білім бөлімінің 24.04.2025 жылғы №732 хаты аясында ағымдағы 2025 жылдың 08 мамыр  күні сағат 17.00-де 1-11 сыныптарының ата-аналары арасында мектепішілік   ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында мектеп бітірушілердің іс-шара барысында дастархан ұйымдастыруға, аниматор, жеке студиа мен мерекелік агенттіктерді тартуға, тау бөктеріне экскурсияға шығуына, мейрамханаларда атап өтуге, мектеп бітруші түлектердің жалға машина алып, автокөліктер шеруін ұйымдастыруға жол бермеу, әкімшілік пен педагог қызметкерлер үшін сыйлыққа  мектеп бітірушілер мен ата-аналардан ақша жиналмауы керектігі ескертіліп, түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Мектеп бітірушілерге арналған салтанатты жиын 2025 жылдың 25 мамыр күні балалардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге; іс – шара барысында дастархан ұйымдастыруға, аниматор, жеке студия мен мерекелік агенттіктерді тартуға, тау бөктеріне экскурсияға шығуына, мейрамханаларда атап өтуге, мектеп бітіруші түлектердің жалға машина алып, автокөліктердің (шеру) қызметін заңсыз пайдалануына жол берілмейді, мектеп әкімшілік пен педагогикалық қызметкерлерге сыйлықтарға мектеп бітірушілер мен олардың ата – аналарынан ақша жиналуына тыйым салынады, мектеп қабырғасынан тыс жерлерде немесе арнайы көңіл көтеретін мекемелерде өткізуге тыйым салынады.

   Екінші  мәселе бойынша Д.Т.Ж.О. А.Т. Акшамова сөз алды:

- Қазақстан Республикасы  Білім мен ғылым министрінің   2016 жылғы 14 қаңтардағы  № 26 бұйрығымен бекітілген,  ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №534 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен  ұсыныстар негізінде  2024-2025 оқу жылында    мектеп оқушыларының міндетті мектеп формасымен таныстырып өтті. Мектеп формасын сақтамаған оқушылар бар болған жағдайда олардың ата-анасына немесе заңды өкіліне Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 409-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалатындығы жайлы жазбаша хабарланатыны жайында айтып өтті. Мектеп әкімшілігі тарапынан мектеп формасын сақтамаған оқушылардың ата-анасына қатысты әкімшілік іс қозғау үшін Департаментке жазбаша жолданатыны жайында, мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.

Үшінші мәселе бойынша «Бала қауыпсіздігі баршамызға ортақ-жауапкершілік» – Д.Қ.Т.Ж.О Б.Б.Мамбеталиев.

Балалардың өмір қауіпсіздігін, жол қауіпсізідігін сақтау бойынша жылдың басында жылдық жоспар жасалып, жауапты мамандар бекітіліп, бұйрық шығарылып, мектеп ішіне, сыртына  (әжетханаға, дәлізге) кезекшілік ұйымдастырылып,   сонымен қоса көшеге кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында түнгі рейд жүргізу үшін рейд мүшелері бекітілген. Балалардың өмір қауіпсізідігін қамтамасыз ету мақсатында ата-аналардың келісіміміен мектептің 17 кабинетіне ұялы телефон салатын қобдишалар орнатылып, қолданысқа берілген. Қазіргі таңда балалар телефондарын сабақ барысында қобдишаға салып қояды. Балалардың өмір қауіпсіздігін, жолда жүру ережелерін сақтау мақсатында мектепте жыл бойына жоспарға сәйкес іс-шаралар жүргізілді. Мектеп инспекторы мен құқық қорғау органдарымен  айына 1 кездесу,  тоқсанына 1 ата-аналар жиналыстары ұйымдастырылып өткізілді.


Төртінші мәселе бойынша «Ата-ананың балаға бөлген уақыты – бала тәрбиесінің негізі» тақырыбында мектеп психологы – Л.Н.Ковалева.

Үшінші мәселе бойынша.... Мектеп психологы Л. Н. Ковалева сөз сөйледі. Ол өз сөзінде ата-анасына баласымен сапалы уақыт өткізудің маңыздылығын түсіндіріп, отбасылық қатынастарды нығайту жолдарын ұсынды. "Бір күндік кесте"психологиялық жаттығуы өткізілді,онда ата-аналардың өздері баламен қарым-қатынас кестесін белгіледі. Өткізілген уақыттың тиімділігі туралы мәселе талқыланды, сонымен қатар психолог бірлескен бос уақытты өткізу тәсілдерін ұсынды.


    Шешімі:

1. Соңғы қоңырауға және қорытынды аттестаттау кезінде ата-аналарға:

    А)әкімшілік пен педагогикалық қызметкерлерге қаражат жинауға және мұғалімдерге сыйлық беруге жол бермеу;

    Б) Балаларын моральдық тұрғыдан қолдап, емтихан кезінде тыныш орта қамтамасыз ету.

    С)25-мамыр күні мереке кезінде кештерінің мектеп қабырғасынан тыс жерлерде немесе арнайы көңіл көтеретін мекемелерде өткізбеуі қадағалансын

2. Құқық  бұзушылықтың алдын алу бойынша 25-мамыр күні мереке кезінде мектеп түлектерінің түнгі уақытта жүрмеуін ата-аналар, сынып жетекшілер және мектеп әкімшілігі тарапынан қатаң қадағалансын.

Жазғы демалыс уақытында:

    А) Балалардың қауіпсіздігін қадағалау (суға шомылу, жол қозғалысы, интернет т.б.);

    Б) Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, лагерьлер мен үйірмелерге қатысуына жағдай жасау;

3.  2025-2026 оқу жылында ұлдардың мектеп формасы қара түсті костюм шалбар, ақ жейде (қысқы мезгілде: ақ водолазка, костюм ішінен жемпір) киеді. Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы тиіс. Қыздардың мектеп формасы  қара түсті костюм, қара юбка тізеден 5см төмен болуы тиіс, жоғарыда аталған классикалық стильдегі мектеп формасын сақтау орындалсын.

4. Ата-аналармен психологиялық-педагогикалық білімді арттыру бойынша жұмысты жалғастыру. Сынып жетекшілерімен,оқушылармен және ата-аналармен үнемі байланыста болу .


                                      


Мектеп директоры:                                          С.К.Рахаев


Жиналыс төрайымы                                      Ф.К.Смагулова