"Бала тәрбиесі ортақ іс" ата-аналар форумы!
Өткізілген күні: 19.11.2024. Гранитогор ауылы
Қатысқан ата-аналар саны: 32
Жиналыс төрағасы: Мектеп директоры: С.К.Рахаев
Хатшы: Г.Берше
Күн тәртібінде:
1. Жасөспірімдер тәртібі мен құқықбұзушылық себебтерінің алдын алу. (ДТІЖО А.Т.Акшамова)
2. Балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы
(ДҚТІЖО Б.Б.Мамбеталиев)
Тыңдалды:
1.Бірінші мәселе бойынша №8 ЖОББ мектебінің ДТІЖО А.Т.Акшамова
Бүгінгі форум жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық себебтері мен оның алдын алу жолдарына арналған.Жасөспірімдердің ерекше психологиялық және физиялогиялық даму кезеңі олардың қоғамдық нормаларын бұзуына әкеліп соғуы мүмкін.Сондықтан бұл мәселені жан-жақты зерттеу және тиімді шешімдер табу өте маңызды.Отбасылық факторлар: отбасындағы жанжалдар мен зорлық-зомбылық,ата-ананың бала тәрбиесіне немқұрайлылығы,отбасы мүшелерінің құқықбұзушылығына қатысуы, экономикалық қиындықтар,баланың отбасынан жеткілікті жылу мен қамқорлықты алмауы.Психологиялық факторлар: өзін-өзі бағалаудың төмен болуы,депрессия мен стресстің болуы, агрессия және ашуланшылық,назар аударудың жетіспеушілігі,импулсивті мінез-құқлық.Құқықбұзушылықтың түрлері: ұрлыұ,алаяқтық,зорлық-зомбылық,нашақорлық,лудомания,булинг,кибербуллинг.Алдын алу шаралары: отбасылық тәрбие жұмысын күшейту,әлеуметтік қорғау жүйесін жақсарту,сапалы білім беруді қамтамасыз ету,профилактикалық шараларды жүргізу,құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша нақты бағдарламаларды іске асыру.Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық-күрделі әлеуметтік мәселе.Оның алдын алу үшін отбасы,мектеп,қоғам және мемлекет бірігіп жұмыс істеу керек.Бұл форумда көрсетілген шараларды іске асыру арқылы жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты азайтуға болады.Алдын алу ең тиімді әдіс.
2. Екінші мәселе бойынша №8 ЖОББ мектебінің ДҚТІЖО Б.Б.Мамбеталиев пен Меркі АПБ қызметкері Е.Давлетбаев Қауіпсіздікке қойылатын талаптарды күшейту (ҚР БҒМ №122 бұйрығы) Қазақстан Республкасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы №49 және Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 23 қаңтардағы №32 бірлескен бұйрығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-3 бабы 1-такрмағы 1) тармақшасы , Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 22 бабы,Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6 бабы, Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №8 жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысының 10.7-тармағы7) тармақшасы негізінде қаражат жинауға, дастархан ұйымдастыруға, көлік жалдау арқылы аудан ішінде экскурсия жасауға, мейрамханаларда, кафелерде және басқа да ойын -сауық орындарында оқушыларды қатыстырмау шараларын ұйымдастыру туралы толық түсіндіріп өтті. Мектепте мұғалімдерге қаржылай сыйлық, әр-түрлі іс-шараларға қаржы жинамау туралы қатаң ескертілді.
Мектеп педагог психологтарды және білім беру саласындағы өзге де мамандары балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың әртүрлі нысандарын анықтауға бағдарлау.Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық – зомбылық фактілерін анықтаудың әртүрлі әдістері бойынша(мінез-құлық,вербалды емес белгілер бойынша,әңгімелесу кезінде және т.б) оқыту түсідірме жұмыстары өткізу керек. Балалардың ақпараттық, психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген психологиялық диагностикалау нәтижелерін зерделеп,ата-аналарға және психологтар кеңесіне ұсыныстар әзірлеу.Білім беру ұйымдарында балалар арасында бопсалау мен ақша жинаудың, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу бойынша сауалнамалар алу мектеп психологы тарапынан жүзеге асырылуы керек.
Шешім:
1. Жасөспірімдер тәртібі мен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша бірлескен жұмыстар күшейтілсін.
2. Оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету ата-аналар тарапынан қатаң бақылауға алынсын.
Жиналыс төрағасы: С.К.Рахаев
Хатшы: Г.Берше