Ақпарат №4 » ОШ №8 п.Гранитогорск
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-60-20
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-60-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
декабрь
2022

Ақпарат №4

Екінші тоқсанның аяғында  бракераждық комиссия мүшелері ата-аналар қоғамы мен мектеп әкімшілігі,қамқоршылық кеңесі мүшесі тексеріс жүргізді. Мектеп асханасына тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу (бракеражды комиссиясы) қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптардың орындалуы, мектеп асханасында азық-түліктерді уақытылы пайдалану, олардың сақталу мерзімі, перстпективалық мәзірдің және күн сайынғы мәзірдің дайындалған астардың сәйкестігін тексеру, балалардың қол жуатын орындары, астарды тоңазытқыштарда, қоймаларда, сақтау, ас әзірлейтін блоктың санитарлық жай-күйі, келіп түскен тамақ өнімдерінің сапасын, дайын тағамның сапасын бақылау мақсатында тексеру жүргізді. Тексеру нəтижесі бойынша анықталған кемшіліктер бойынша берілетін тағамдар   өз мөлшерінде  таратылуы күнделікті медициналық қызметкер Жексенова А.А қадағалауда, қоймадағы жәшіктер және жазулары жаңаланды, ұн- таңбаланған ыдысқа салынды, шеті сынған ыдыстар жаңаланды. Алға қарай да жүйелі жұмыстар өз уақытында жүргізіледі,комиссия мүшелері өз жұмыстарын жалғастырады.Білім алушылар мектеп асханасында тамақтандыру жұмысы бойынша барлық атқарылған іс-шаралар жиынтығы үздіксіз мектеп интернет ресурсының «Мектептік тамақтандыру» айдарында салынып отырады.