АТА-АНАЛАРҒА АҚПАРАТ! » ОШ №8 п.Гранитогорск
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-60-20
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-60-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АТА-АНАЛАРҒА АҚПАРАТ!
13
июль
2022

АТА-АНАЛАРҒА АҚПАРАТ!

   1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 тамызда аяқталады! 
Ата-аналарға ескерту өйткені қабылдау 1 тамызда аяқталады. Құжат қабылдау басталғанына үш ай өтті және осы уақыт ішінде мектебімізге 23 өтініш түсті. Оның 15 өтініші электронды форматта және 8 қағаз түрінде қабылданды.
Құжаттарды қабылдау екі тәсілде  жүзеге асырылады: 
1) "электрондық үкімет" веб-порталы egov.kz  
2) қағаз түрінде. 
Қажетті құжаттар тізімі:
1. ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің  өтініші;
2. жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасы (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін қажет, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
3. «Бала денсаулығы паспорты» № 026/у есеп нысаны және 065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама;
4. баланың  3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi (2дана).
Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады