24
ноябрь
2021
Бракераждық комиссия мүшелері асхана жұмысының дұрыс ұйымдастырылуы
№8 жалпы орта білім беретін мектебінің бракераждық комиссия мүшелері асхана жұмысының дұрыс ұйымдастырылуын, тамақтың сапасын тексеру мақсатында зерделеу жүргізіп, акт толтырды. Асханада мектеп басшысы бекіткен мәзір ілініп тұр, дайын тағамның шығымы көрсетілген.мектеп асханасында азық-түліктерді уақытылы пайдалану , олардың сақталу мерзімі, перстпективалық мәзірдің және күн сайынғы мәзірдің дайындалған астардың сәйкестігін тексерді. Асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай. Шағымдар мен ұсыныс кітабы бар. Ас блогында аспазшы нақты ас мәзіріне сәйкес дайын өнімнің тәуліктік сынамасын қалдырған. Бракераждық журналдар дұрыс жүргізілуде.




