Егер сіздің балаңыз болашақ мамандығын әскери іспен байланыстыруды жоспарласа, оның таңдау мүмкіндігі бар
Егер сіздің балаңыз болашақ мамандығын әскери іспен байланыстыруды жоспарласа, оның таңдау мүмкіндігі бар
Құрметті ата-аналар!
Егер сіздің балаңыз болашақ мамандығын әскери іспен байланыстыруды жоспарласа, оның таңдау мүмкіндігі бар –
Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы "Жас Ұлан" арнайы ерлер мектеп- лицей-интернаты" КММ (бұдан әрі - лицей) – оқушылардың тұратын жерін ұсына отырып, білім алушылардың әскери істі терең меңгеруін жүзеге асыратын білім беру ұйымы, балалардың психологиялық және физиологиялық мәліметтерін ескере отырып, қосымша кезеңдер өткізеді.
Тіркеу кезінде қажетті құжаттар:
- баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (үлгі бойынша);
- ЖСН (қосымшада) көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- үміткердің электрондық адресін көрсете отырып, үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтамасы;
- үміткердің 3х4 көлеміндегі.
*барлық құжаттар PDF немесе JPEG форматында қабылданады.
II. Дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы "Жас Ұлан" арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты" КММ конкурстық комиссиясына медициналық зерттеулердің нәтижелерін ұсынады:
- Талапкердің денсаулық жағдайы және ауырған аурулары туралы амбулаториялық картадан көшірме (№112 нысан). Егер талапкер диспансерлік есепте тұрса, көшірмеде оны диспансерлік есептен шығару туралы мәліметті көрсету қажет. Көшірмеде дәрі-дәрмектік құралдар мен басқа да заттарды қабылдамауы (жоғары сезімталдық) туралы, сондай-ақ басқа да инфекциялық аурулар туралы мәліметтер көрсетіледі.
- Амбулаторлық карта (№112 нысан), профилактикалық егулер туралы мәліметтер (№63 нысанның бекітілген көшірмесі)
- В, С гепатиттеріне маркерлер
- Қанның жалпы талдауы
- Қантқа қан
- Жалпы зәр анализі
- Гельминттің нәжіспен бөлінген жұмыртқасына
- Д-тобына Бак посев
- Кардиограмма (сипаттамамен)
- ЭХО КГ (сипаттамасымен)
- Флюорография немесе кеуде қуысының рентгені (сипаттамамен)
- Мұрын қуысының ренгтен суреті (сипаттамамен)
- Аяқ табанының ренгтен суреті (сипаттамамен)
- ЭХО ЭГ (сипаттамасы бар бастың суреті)
- Психоневрологиялық диспансерден анықтама
- Тері-венерологиялық диспансерден анықтама
- Туберкулезге қарсы диспансерден анықтама (кеуде қуысының суреті және № 63 нысансыз анықтама берілмейді)
- Медициналық карта (тар көлемді мамандар бойынша).
III. Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты» КММ базасында психологиялық диагностикадан және қосымша медициналық комиссиядан өту.
Психологиялық диагностиканың мақсаты: психологиялық іріктеу үміткерлерден әскери-кәсіптік бағдар мен жеке психологиялық қасиеттерді анықтау үшін, казармалық жағдайда табысты оқу және ойлау, танымдық үдерістер динамикасын бағалау, эмоционалды-еріктік қасиеттерін, жүйке-психикалық тұрақтылық деңгейін және басқа да кәсіби маңызды қасиеттерді бағалау үшін кәсіби-психологиялық әдістеме мен жеке сұхбат негізінде жүргізіледі.
IV. Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты» КММ базасында үміткерлерді физикалық іріктеу.
5-сыныпқа түсушілер үшін физикалық іріктеу мынадай нормативтерді қамтиды:
6 ұпай | 7 ұпай | 8 ұпай | 9 ұпай | 10 ұпай | ||||
№ | Нормативтер | Ұпай саны | ||||||
1. | Биік белтемірге тартылу (саны) | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
6 ұпай | 7 ұпай | 10 ұпай | ||||
№ | Нормативтер | Ұпай саны | ||||
1. | Жүгіру 30 м/с | 6,6 сек | 6,5 сек | 5,0 сек | ||
2. | Жүгіру 500 м/с | 2 мин 20 сек | 2 мин 15 сек | 2 мин 10 сек |
Психодиагностика және физикалық іріктеу нәтижелері бойынша Сіздің балаңыз қорытынды кезеңге – конкурстық тестілеуге жіберілуі мүмкін
5-сыныпқа түсушілер үшін – келесі пәндер бойынша 40 сұрақ:
математика және логика - 30 сұрақ;
оқу сауаттылығы-10 сұрақ.
5-сыныпта тестілеуге бөлінген уақыт - 60 минут.
Мамандандырылған білім беру ұйымына оқуға үміткерлерді қабылдау әрбір мамандандырылған білім беру ұйымының бөлінісінде бос орындарға сәйкес ең жоғары ұпай санынан алынады