Хабарландыру!!! Бос жұмыс орындарына конкурс жариялаймыз!!! » ОШ №8 п.Гранитогорск
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-60-20
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-60-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Хабарландыру!!! Бос жұмыс орындарына конкурс жариялаймыз!!!
17
август
2022

Хабарландыру!!! Бос жұмыс орындарына конкурс жариялаймыз!!!

Мекен-жайымыз: Меркі ауданы, Андас батыр ауылы, Гранитогорск кенті, Достық көшесі № 40 үй. 
Анықтама, байланыс нөмері: 8(72632) 2-60-20
Электрондық пошта:  granitogorshkola8@mail.kz  
Бос лауазымдар тізімі:
1. Математика пәні -орыс сыныбында, тұрақты, 16 сағат.
2. Ағылшын тілі пәні - тұрақты, 12 сағат.
3. Физика пәні- орыс сыныбында, тұрақты, 10 сағат.
4. Мектепалды даярлық тобы мұғалімі - орыс сыныбында, тұрақты, 1 жүктеме.
Біліктілік талаптар: пән бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат; конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес, педагогикалық еңбек өтілі бар үміткер үшін педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы міндетті. Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог"  санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2022 жылдың  17-25 тамыз аралығында.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының» 3-тарау, 1-параграфының 107 тармағына сәйкес (19.11.2021 №568 өзгерістерімен) жүргізіледі.
      1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
      8)наркологиялық ұйымнан анықтама;
      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық және/немесе педагогикалық әдеп нормаларын бұзу туралы мәліметтер анықталған жағдайда, педагог конкурстың кез келген кезеңінде шеттетіледі.
Конкурсқа құжаттар Жамбыл  облысы әкімдігінің  білім басқармасы  Меркі  ауданы  білім бөлімінің «№8 жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қабылдау бөлмесінде қабылданады.