Білім алушыларды «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5-8, 10 -сыныптарда аралық аттестаттау бойынша әдістемелік ұсыныммен таныстыру (5, 6, 7, 8, 10-сыныптар)
Білім алушыларды «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5-8, 10 -сыныптарда аралық аттестаттау бойынша әдістемелік ұсынымдармен таныстыру жұмыстары жүргізілді.
Қысқаша сипаттама
Білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың оқу аяқталғаннан кейін бір оқу пәнінің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын игеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім.
Аралық аттестаттау мақсаты- білім алушылардың «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – МЖМББС) талаптарына сәйкес бағалау.
2. Аралық аттестаттаудың міндеті: білім алушылардың білім берудің келесі деңгей материалдарын игеру дайындығы мен функционалдық сауаттылықтарының қалыптасу деңгейлерін бағалау.
Негіздеме:
- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы;
- «Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 қаулысы;
3.Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасын бекіту туралы 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 Қаулысы;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығының 1-қосымшасы.
3. Емтиханды өткізу тілі.
Емтихан қазақ тілінде өтеді.
- Үлгілік оқу бағдарламасымен байланысы
Білім алушыларды аралық аттестаттау жаңартылған білім мазмұны бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 5-8, 10-сыныптарына «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын қамтиды.
Білім алушылардың білімі, білігі, сондай-ақ дағдылары МЖМББС күтілетін нәтижелермен анықталады.
Қазақ тілінің мәртебесін арттыруды көздеп 5-8, 10 - сыныптарда өткізілетін қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі», қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша аралық аттестаттау - негізгі орта (5-8 сыныптар), жалпы орта (10 сынып) білім деңгейінде академиялық жылды аяқтаған кезде «Қазақ тілі» және «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша білім алушылардың бағдарлама мазмұнын меңгеруін бағалау нысаны ретінде қарастырылады.
- Емтихан мазмұны:
«Қазақ тілі» пәні бойынша:
№ | Оқу мақсаттары |
5-сынып | |
1. | 5.2.5.1 мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру 5. 3.5.1 эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтап, өзіне таныс оқиғаны немесе кейіпкерді сипаттап не суреттеп жазу 5.4.2.2 зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану |
6-сынып | |
2 | 6.2.5.1 мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру 6.3.4.1 эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу («келісу, келіспеу» эссесі) 6.4.5.1 қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсіну, дұрыс қолдану |
7-сынып | |
3 | 7.2.5.1 мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру; 7.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе) 7.4.5.1 сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдану |
8-сынып | |
4 | 8.2.5.1 оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу 8.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе) 8.4.5.1 сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолдану |
10-сынып ҚГБ | |
5 | 10.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу 10.3.4.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе) 10.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу |
10-сынып ЖМБ | |
6 | 10.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу 10.3.3.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі) 10.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу |
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша:
№ | Оқу мақсаттары |
5-сынып | |
1. | 5.2.5.1 берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу 5.4.2.1эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу 5.5.1.1 мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу, жалғау түрлерін дұрыс жалғау |
6-сынып | |
2 | 6.1.2.1 тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтау 6.1.5.1тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау 6.4.2.1эссе тақырыбының желісінен шықпай, әрбір абзацты жүйелі құрастырып, қажетті мазмұнын ашып жазу 6.4.5.1 жазба жұмыстарында сөзге қосымша жалғауда үндестік заңын ескеріп, орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану |
7-сынып | |
3 | 7.3.6.1 тақырып бойынша деректер қолдана отырып мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу; 7.4.2.1эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу; 7.1.3.1 әлеуметтік - мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну |
8-сынып | |
4 | 8.2.1.1 тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтіндер құрау; 8.4.2.1эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну; 8.4.5.1 тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздер); сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану |
10-сынып ҚГБ, ЖМБ | |
5 | 10.3.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін идеясымен байланысын анықтау 10.4.2.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) 10.4.6.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу, сөйлем деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу |
6. Аралық аттестаттау тапсырмасы мазмұнының сипаттамасы
«Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша білім алушының оқу үлгерімін тексеруге берілген эссе тақырыптарының жалпы саны – 30.
Сөз саны кесте бойынша көрсетілген.
р/с | Сыныбы | Сөз саны (Қазақ тілі) | Сөз саны (Қазақ тілі мен әдебиеті) |
1 | 5 | 100-110 | 80-90 |
2 | 6 | 110-120 | 90-100 |
3 | 7 | 120-130 | 100-110 |
4 | 8 | 130-140 | 110-120 |
5 | 10 (ҚГБ, ЖМБ) | 140-150 | 120-130 |
«Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен эссе жазуда тапсырмалардың мазмұны ақпаратты түсіну, мәтіннің құрылымы мен негізгі ойын түсіну, мәтіннің стильдік ерекшелігін тану, проблемалық сұрақтар құрастыру, түрлі дереккөздерден ақпарат ала білу, мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау, түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация, орфографиялық, орфоэпиялық, пунктуациялық нормаларға құрылған.
7. Эсседегі тапсырмалардың қиындығы: әр сыныптың жас ерекшелігіне сай берілген.
8. Білімді тексеру тапсырмасының формасы: оқылым, жазылым дағдыларын қолданып эссе жазу
9. Білімді тексеру тапсырмаларын орындау уақыты: орындау уақыты – 120 минутты құрайды. Жалпы эссені жазу уақыты берілген тапсырмаларды оқуға жұмсалатын уақытты ескере есептелген.
10. Білімді тексеру тапсырмалары мен жалпы жұмысты бағалау: Критериалды бағалау жүйесімен байланысы білім алушыларды аралық аттестаттау қалыптастырушы және жиынтық бағалауды қамтитын критериалды бағалау жүйесінің бөлігі болып табылады. Дұрыс орындалған тапсырма үшін оқушы жиынтық балл (5 балл) жинайды



