10
ноябрь
2022
«Суицидтің өршуі – қоғамға келген қатер»
№8 жалпы орта білім беретін мектебінің 5-11 сынып білім алушыларының ата-аналарымен оқушылардың психологиялық денсаулығын нығайту айлығы аясында «Суицидтің өршуі қоғамға келген қатер» тақырыбында ата-аналарға арналған лекторий өткізілді. Аталған лекторий барысында ата-аналарға жалпы суицидтік мінез-құлық, оның түрлері, өмірден кету туралы шешімге итермелейтін психологиялық негіздері туралы түсініктеме берілді. Жасөспірім кезіндегі ең көп таралған мотивтері және суицидке ықпал ететін факторлар мен суицидтік мінез-құлықтың белгілері туралы айтылды.
