Тренинг: "Жүйке жүйесіндегі стресстен психологиялық арылу әдістері" » ОШ №8 п.Гранитогорск
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-60-20
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-60-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тренинг: "Жүйке жүйесіндегі стресстен психологиялық арылу әдістері"
15
март
2023

Тренинг: "Жүйке жүйесіндегі стресстен психологиялық арылу әдістері"

Жүйке жүйесіне түсетін күшті жеңудің қарапайым психологиялық әдістерін үйрету мақсатында, мектебіміздің бітіруші түлектерімен тренинг жүргізілді.
Тренинг барысында білім алушылармен түрлі психофизикалық қысымнан арылуға бағытталған жаттығулар, бұлшықет релаксациясы, медитация жаттығулары өткізілді. Аталған жаттығулар бітіруші түлектерге ҰБТ алдында пайда болатын стресстен арылудың тиімді әдістері болып табылады.
Сонымен қатар, бітіруші түлектердің мотивациясын арттыруға бағытталған "Өмір ұсынған мүмкіндіктер" атты өсиет әңгіме айтылып, пікіралысу жүргізілді. Білім алушылар өткізілген тренигтен керемет әсер алып, сыныптарында жақсы психологиялық ахуал орнатылды.