Мектеп Президентінің сайлауы » ОШ №8 п.Гранитогорск
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-60-20
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-60-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп Президентінің сайлауы
16
сентябрь
2022

Мектеп Президентінің сайлауы

       № 8 ЖОББМ   2022-жылдың  16- қыркүйек  күні «Жас Ұлан» балалар  ұймының жетекшілері мен мектеп тәлімгері 
 З.К. Есмаилованың  ұйымдастыруымен  мектеп   Президентінің сайлауы өткізілді. Сайлау алдында  жиналыс өткізіліп , сайлау ережелерімен таныстырылды.
       Мектеп Президентін сайлау бойынша   5-15 қыркүйек күндері аралығында   «ЖасҰлан» Республикалық балалар мен   жасөспірімдер ұйымының Президентіне үміткер 6 оқушы  сайлау алдында  үгіт- насихаттарын  жүргізді. 
       Сайлауға жауапты комиссия мүшелері бекітілді.  Сайлауға мектеп  мұғалімдері мен оқушылар қатысты. Президенттікке  үміткер оқушылар өз бағдарламарын ұсынып, үлкен жауапкершілікпен дайындалғандарын   көрсетті. Сайлау қорытындысы бойынша   10 а сынып  оқушысы  Саутбек Арнұр   мектеп президенттігіне   сайланды.  Сайлау  әділ өткізілді.