"Жас маман - 2022" байқауы
Мектебімізде 2022 жылдың 4 наурыз күні «Жас маман- 2022» байқауы өтті. Байқауға 2021-2022 оқу жылында қабылданған жас мамандар қатысы: Данышбаева Д.Б., Смагулова К.С., Даулетқазы Ә.С., Алпысбаева Б.М., Зурихан З., Бекешова Р.А.. Байқаудың мақсаты: Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.
Байқаудың кезеңдері:
Бірінші - Таныстыру сайысы
Бұл сайыста байқауға қатысушы өзі туралы қызықты етіп таныстырды. Бұл сайыс қатысушының қалаған түрінде жүргізілді.
Екінші «Өнерлінің өрісі кең»
Бұл сайыстың мақсаты қатысушының шығармашылық қабілетін, өнерге бейімділігін ашу. Сайыскер өз қалауына қарай ән айтты, би биледі, өз өнері мен шығармашылық қабілетін көрсетті.
Үшінші «Білікті маман – Ел тірегі»
Бұл сайыс жекелеген мамандықтар негізінде сұрақ-жауап арқылы қатысушының білім деңгейін, кәсіптік біліктілігін, ой-өрісін тексеру мақсатында өтті. Жедел сұрақтарға өте жақсы жауап берді.
Төртінші «Мамандығым – мақтанышым» кәсіби сайысы
Бұл кәсіптің қасиетін, мағынасын ашатын болғандықтан негізгі сайыс.
Панорамалық сабақ (ұзақтығы – 20 минут) яғни презентация көрсетті.
Жас мамандар барлық кезеңдерге жақсы дайындалған. Әр бір кезеңде өзің жақсы жағынан көрсетті.
Әділқазылар: ДОІЖО Г.С. Разакпаева, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Парманкулова Л.Ж., ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Р. Бактиярова, география пәнінің мұғалімі М.В. Каримова.
Әділқазылар өзінің адал бағаларын берді. Қорытынды ұпайлар бойынша бас жүлдені М.Б. Алпысбаева алды. І орынды Ф.К. Смагулова,ІІ орынды
З. Зурихан, ІІІ орынды А.С. Даулетқазы иеленді. Қалған жас мамандарға номинация берілді «Көрермен көзайымы», «Шығармашыл ұстаз». Жас мамандарға өздерінің ізгі тілектерін тілеу үшін Әдістемелік бірлестік жетекшілері сыйлықтарын таратты.












