Қараша айында тарих, география, өзін-өзі тану пәндерінің айлығы өткізілді.
8.11-3.12.2021жылдар аралығында мектепте тарих, география, өзін-өзі тану пәндерінің айлығы өтілді. Айлықтың жоспары құрылды. Жоспар бойынша мұғалімдер ашық сабақ, сыныптан тыс іс-шара өткізді.
15.11 күні Данышбай Д.Б. 5 А сыныбында «Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы» атты тақырыпта ашық сабақты өткізді. Ашық сабақты мұғалім сыныпта жағымды көңіл-күй орнатып, бір-біріне ізгі тілек тілеткізді.


17.11 күні тарих пәнінің мұғалімі Сыроешкина Т.М. 10 Б сыныбында «Теории происхождения человека» атты тақырыпта ашық сабақ өтілді. Ашық сабақты мұғалім сыныпта жағымды көңіл-күйді сурет арқылы орнатты. Сабақтың құрылымы жақсы құрылған. Жоспарда көрсетілген тапсырмалардың бәрі қамтылды.
17.11 күні география пәнінің мұғалімі Каримова М.В. 9 Б сыныбында «Климатические ресурсы Казахстана» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді.Сыныпты топтарға бөлді. Үй тапсырмасы бойынша топтағы оқушыларға 3 тапсырма берілді. Мұғалім жаңашыл әдістерді қолданып, оқушылардың сұрақтарға ойланатындай жауап беруіне жағдай жасаған.

19.11 күні география пәнінің мұғалімі Смағұлов Қ.С.«Қазақстандағы қолайсыз және қауіпті атмосфералық құбылыстар» тақырыбында ашық сабақ өтілді.

19.11 күні тарих пәнінің мұғалімі Сауранова Ж.С. 7 А сыныбында «Қазақтың ұлттық қолдаңбалы өнерінің бірегейлігі неде?» атты тақырыпта ашық сабақ өтті. Мұғалім сабағын Жигсо әдісі арқылы топтарға бөлді.

22.11 күні өзін-өзі тану мұғалімі Алпысбаева Б.М. «Болу-болып көріну емес» тақырыбында 5 А сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабақты мұғалім нұрға бөлену жаттығуымен бастады.Оқушылар өз әсерлерімен бөлісті.
22.11 күні тарих пәнінің мұғалімі Данышбай Д.Б. 5-6 сынып аралығында «21 ғасыр көшбасшысы » атты тақырыпта интеллектуалдық ойын өткізді.Ойынға 8 оқушы қатысты.Жарыс бірнеше кезеңнен өтті.Оқушылар әр кезеңдегі сұрақтарға жауап берді.Ойынның соңғы кезеңінде екі оқушы қалып, мұғалімнің қойған сұрақтарына шама шарқынша жауап беруге тырысты.
23.11 күні өзін-өзі тану мұғалімі Оспанова М.М. «Общечеловеческие ценности-основа счастливой жизни» атты тақырыпта 8 б сыныбында ашық сабақ өтті.Сабақты мұғалім нұрға бөлену жаттығуымен бастады.Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырды.Жалпы адамгершілік құндылыққа нелер жатады? деп оқушыларға сұрақ қойды.Оқушылар сұрақтарға жауап берді. Адамгершілік жайлы жазылған автордың өлеңімен таныстырды.

23.11 күні «Ұлы дала елінің тарихы» атты интеллектуалдық ойынды Сауранова Ж.С. 9-11 сынып аралығында өткізді.Мұғалім сыныптан тыс іс шарада интербелсенді тақтаны пайдалана отырып оқушыларға әр-түрлі тапсырмалар берді.
24.11 күні Каримова М.В. 9-10 сынып аралығында «Географический калейдоскоп» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді.Ойын шарты үш этаптан тұрды.1 раунд.Блиц-опрос «Разминочный. 2 раунд. «Угадай страну». 3 раунд. «Своя игра». Жарыс тартысты түрде өтті.Оқушылар ойынға белсенді қатысты. Ойынның соңында ойынға қатысқан жеңімпаз оқушыларды марапаттады.
25.11 күні география пәнінің мұғалімі Смағұлов Қ.С. «Білгір географ» атты тақырыпта интеллектуалдық ойын өткізді. Сайысқа 12 оқушы қатысты. Сайыс 5 кезеңнен тұрады, әр кезеңде әртүрлі тапсырмалар берілді. Оқушылар сайысқа белсенді қатысты. Әділқазылар алқасы сайыс жеңімпаздарын анықтап, оларды марапаттады.
26.11 күні Сыроешкина Т.М. 10-11 сынып аралығында «Борба с коррупцией-миф и реальность» атты тақырыпта дебат өткізді.Дебатқа оқушылар тақырып бойынша өз ойларымен бөлісті.
2.12 күні «Жаңаша оқыту- жетістік көзі» атты тақырыпта Сауранова Ж.С. жас мамандармен коучинг өткізді. Коучингке 6 жас маман қатысты.Мұғалім коучингты психологиялық ахуал тудырудан бастады.Жас мамандарды 3 топқа бөлді.Әр топқа тапсырма берді. Топтағы мұғалімдер өзіне берілген тақырып бойынша постер қорғады.3 топқа жағдаяттар берілді. Жағдаятты шешудің жолдарын әр топ өзінше айтты.Сурет бойыншада тапсырмалар берілді.Коучингтың соңында кері байланыс жасады.
3.12 күні тарих, география, өзін-өзі тану пәндер бірлестігінің семинары болды. Семинардың тақырыбы: тарих және география сабақтарында қалыптастырушы бағалауды жүргізуде, заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыру. Семинарда Сауранова Ж.С. тарих сабағындағы қалыптастырушы бағалаудың заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыру атты тақырыпта баяндама жасады. География пәнінің мұғалімі Каримова М.В. Әдістемелік қоржын тақырыбында презентация көрсетті. Тарих пәнінің мұғалімі Сыроешкина Т.М. "Как урок с мультимедийной презентацией сделать мультимедиа уроком" атты тақырыпта мастер класс көрсетті.
