"Ерте жүктіліктің алдын алу" » ОШ №8 п.Гранитогорск
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-60-20
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-60-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ерте жүктіліктің алдын алу"
10
апрель
2025

"Ерте жүктіліктің алдын алу"

Оқушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған нашақорлық және мінез-құлық ауруларының алдын алу көктемгі 2025 жылдың сәуір айында өткізілген кездесудін

                                       Анықтамасы 
 
 Мақсаты : Жас жеткіншектер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу. 
 Форма: әңгіме, сұхбат 
 Қатысқандар: 8-9-10-11 сынып қыздары
 Күні: 10.04.2025ж
 Жиналыста дәріс оқығандар:
 1. Салауатты өмір салты бөлімінің медбикесі - Джанабатырова З.

2. Салауатты өмір салты бөлімінің психологі – Секирбекова Д.
 3. № 8 ЖОББМ мектеп медбикесі- Бердибаева М.
 
       1. Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? Ерте жүктілік немен қауіпті? СӨС медбикесі Джанабатырова З. сөйледі. Медицицнада 18 жасқа дейін болған жүктілік ерте жүктілік деп саналады. Жүктілік кезінде ағза күшейген тәртіпте жұмыс істейді – жүрек-қан тамыры, эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме артылады. Бұның қиындығы жасөспірімнің гормондық қайта құрылуы жүктілік қайта құрылуға жүктелгені. Жасаналарда көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, токсикоздар болады. Қыз балалардың ағзасы осындай жүктемелерге әзір емес! Ерте жүктіліктің негізгі проблемасы бұл жыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз болуы, не болмаса тәрбиенің мүлдем жоқтығы.

 2. Ерте жүктілік деген не? Ерте жүктілік деп 13-19 жаста болатын жүктілікті айтады. Осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді. Көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалады. Бірақ бұл дұрыс емес. Негізінен,жоспарланбаған жүктіліктің 90% отбасындағы тәрбиеге және қарым-қатынасқа байланысты келеді. Яғни ана мен қыз баланың өзара қатынасы бұзылса, қыз бала«әдейі» бәрін кері істейді. Ерте жүктіліктің қандай профилактикасы бар? Проблемамен күресудің ең үздік тәсілі – проблемадан сақтану.


Әңгіме барысында қыздар өздерінің ойларындағы сұрақтарын қойып, сұрақ-жауап, пікір алмасуға ұласты. Қыздармен әңгіме өз деңгейінде өтіп, қыздар өздеріне қажетті мағлұматтар алды. Болашақта қыздармен әңгіме, жеке кеңес, жиналыстар өткізілу жалғастырылсын.