22
май
2023
Қыздармен жұмыс ақпараттық ақыл кеңес түсіндіру іс шарасы
№ 8 ЖОББМ-де «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. Мектеп медбикесі Ақылтанова Ф. ұйымдастыруымен , 7-11 сынып қыздарының қатысуымен Қазақстан Республикасындағы адамгершілік жыныстық тәрбие жөніндегі тұжырымдама аясында «Ерте жүктіліктің алдын алу» атты қыздар жиналысы талапқа сай өткізілді. «Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? Ерте жүктілік немен қауіпті?, - деген сауал төңірегінде ой қозғап, 7-11 сынып қыздары медбике мен психологтармен пікір алмасты. Жасанды түсік — болашақта бала сүю мүмкіндігін төмендететіні, яғни бедеулікке апарып соқтыратыны, жасанды түсік жасататын қыздардың 30 пайызы онкологиялық , гинекологиялық ауруларға шалдығатыны туралы айтып өтті. Қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді . Көптеген отбасында әңгіме қозғалмай , жабық күйде қалады . Бірақ , бұл - дұрыс еместігін айтып өтті.Қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі - келешек аналар қолында , қыз баланың тәрбиесіне де байланысты .