«Салауатты –өмір салтын қалыптастырудың тиімді жолдары» » ОШ №8 п.Гранитогорск
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-60-20
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-60-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Салауатты –өмір салтын қалыптастырудың тиімді жолдары»
21
февраль
2025

«Салауатты –өмір салтын қалыптастырудың тиімді жолдары»

№8 Жалпы білім беретін мектебінде 

«Құқықтық тәрбие - құқықбұзушылықтың алдын-алу» айлығы аясында «Салауатты –өмір салтын қалыптастырудың тиімді жолдары» тақырыбында 

іс-шарасы туралы

Анықтама

Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, оқушылардың өнер мен денсаулық туралы түсінік беру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру. Өзін-өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, әдемілікті, сұлулықты сезіне білуге баулу.
 

 Форма: әңгіме, сұхбат 
 Қатысқандар: 9-10-11 сынып ұл – қыздарымен 
 Күні: 21.02.2025ж
 Жиналыста дәріс оқығандар:
 1. Салауатты өмір салты бөлімінің дәрігері-Ш.А.Абдрахманов 

2. Салауатты өмір салты бөлімінің медбикесі – З.Джанабатырова 
 2. № 8 ЖОББМ мектеп медбикесі- А.Жексенова

Азаматтың дені сау болуы салауатты өмір сүруді қалыптастырумен тікелей байланысты, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру – денсаулық кепілі.

   Салауатты өмір салты - ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет.

Адамның салауатты өмір сүру салты өздігінен қалыптаспайды. Салауатты өмір сүру салты өмір сүруде мақсатты түрде қалыптасады. Өкінішке орай, ХХІ ғасырға аузын арандай ашқан аждаһадай сұм ажалдың төресі «нашақорлық», «ішімдік», «темекі» бірге аяқ басты.Қаншама бейкүнә адамдар осылардың құрығына түсіп, дүние салып, талай ауруларға ұшырады. Сондықтан да,елімізде салауатты өмір сүруге дабыл қағып,әр-түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Тақырыпты жан-жақты түсіндірумен қатар, сұрақтар таратылып, пікірлерін талқылады.  Денсаулық және салауатты өмір сүру дегеніміз:

-әлеуметтік тұрмысты жақсарту;

-бос уақытты дұрыс пайдалану:

-білімін көтеру:

-денсаулығын нығайту:

-тазалықты сақтау;

-зиянды әрекеттерден аулақ болу;

-сапалы тамақтану.

Қазіргі кезде, жасөспірімдерге жүргізілген эпидемиологиялық тексерулер шылым шегу, шарап ішу, анаша пайдалану жастардың арасында кеңірек таралып бара жатқанын көрсетеді. Қорыта айтқанда, өскелең ұрпақтың денесін шынықтыру маңызы қазіргі заманда үлкен əлеуметтік мəнге ие болды, себебі егеменді Қазақстанның болашағын жалғастыратын қазіргі жас ұрпақтың дені сау, білімді, мəдениетті болып өсуімен тəрбиенің дұрыс жолға қоюлуына байланысты. 

Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ».