«Дені сау ұрпақ- ұлт болашағы» » ОШ №8 п.Гранитогорск
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-60-20
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-60-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» «Дені сау ұрпақ- ұлт болашағы»
05
апрель
2024

«Дені сау ұрпақ- ұлт болашағы»

№8 Жалпы білім беретін мектебінде 

7 сәуір- Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Зиянды әдеттерден аулақ бол!» жобасы аясында «Дені сау ұрпақ- ұлт болашағы» тақырыбында 

5- Сәуір күні денсаулық күніне арналған іс-шаралар туралы

Анықтама

Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, оқушылардың өнер мен денсаулық туралы түсінік беру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру. Өзін-өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, әдемілікті, сұлулықты сезіне білуге баулу.
 
   7 сәуір –Дүниежүзілік денсаулық күні жыл сайын бүкіл әлемде аталып өтеді. Барша халықты салауатты өмір салты мен денсаулықты жақсартуға шақыратын денсаулық күнінің тарихына келсек, бұл күнді атап өту 1948 жылдың 7 сәуірінен басталған. Осыған орай жоспар жасалынып, іс-шаралар өткізілді. Мектебімізде «Дені сау ұрпақ- ұлт болашағы» тақырыбында фестиваль өткізілді. Мектеп директоры С.К.Рахаев оқушылар мен ұстаздарды салауатты өмір салты мен денсаулықты жақсартуға, өмір бойы жақсы денсаулықпен ұзақ өмір сүріп, отбасы мен қоғамның белсенді мүшесі болатынына көңіл бөлуге шақырды. Оқушылар жаттығулар жасап, флешмоб ұйымдастырып, бірыңғай би биледі. Дене шынықтыру пән мұғалімдері 5-10 сыныптар арасында спорттық (кросс 2 км,7-11 сыныптар,100м жүгіру, 9-11 сыныптар,60м 5-7сыныптар,аркан тартыс 8-11 сныптар 1-4 сыныптарда эстафеталық ойындар ) ойындар өткізді. Жарыс соңында жеңімпаз оқушылар мадақтамамен марапатталды.
    7-8 сынптарға биология пәнінің мұғалімдері Е.И.Логинова және Р.А.Бекешова «Дұрыс тамақтану-ұзақ білім алу жолы» тақырыбында танымдық сағаттарын өткізді. Тиімді тамақтанудың денсаулық үшін қажеттілігі туралы түрлі слайдтар мен бейнероликтер көрсетілді.