24
декабрь
2021
Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасында құкықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау
2021 жылдың 24 желтоқсан күні аудан прокуратурасының бірлескен жоспарына сәйкес №8 жалпы орта білім беретін мектебінде АПБ ЮПБ-ның капитаны Р.Д.Мырзабаевтың қатысуымен кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасында құкықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру,заңсыз іс-әрекеттер жасаудан қорғау,заңға бағынушы азамат ретінде тәлім-тәрбие беру мақсатында кездесу өткізілді.Кездесу барысында білім алушылар түңгі уақытта жүру мәселесі кеңінен айтылды. Жолда жүру барысында жол қауіпсіздігін сақтау,жаңа жыл мерекесінде пиротехникалық заттарды қолдануға болмайтындығын, ұсақ бұзақылық үшін қолданылатын жазалар жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу туралы айтып өтті.


